13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі мемлекеттік наградаға ие болды

26 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі мемлекеттік наградаға ие болды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Александр Аликович Флейтлинг «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Биылғы қыркүйек айындағы Қостанай облысында болған өртті жою кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне Қарулы күштердің әскери қызметшілері де елеулі көмек көрсетті. Олардың арасында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімнің жауынгері Александр Флейтлинг те бар еді.

Қауіп-қатерге қарамастан, ол төрт күн бойына әскери инженерлік техникамен тілсіз жаудың таралуына қарсы тұрып, өртке қарсы бірнеше арықтар жасады.

Абай облысы Үржар ауданының тумасы он сегіз жасар Александр Флейтлинг төрт ай бұрын Қарулы күштер қатарына шақырылған болатын. Бүгінде Қарағанды гарнизонындағы әскери бөлімде материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонында қызмет етеді. Ол ауылда туып-өскен.  Жергілікті ауылшаруашылық колледжінде оқып, механизатор мамандығын алған.

–  Әулиекөл ауданына екінші қыркүйекте келдік. Өрт өте ауқымды болды. Барлық жер отқа оранды. Бірнеше күн қатарынан жұмыс істедік. Тілсіз жауды ауыздықтау қиын болды. Армияда алған тәжірибемді өмір бойы есте сақтаймын. Өз борыштарын ерлікпен орындаған барлық жігіттерге рахмет, – дейді қатардағы жауынгер Александр Флейтлинг.

Әскери бөлім қолбасшылығы мемлекеттік наградадан бөлек сарбазға он тәулік мерзімге қысқа мерзімді демалыс берді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзАлександр Аликович ФлейтлингМарапатШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкентте әскерге шақырушыларға тапсырыс 40 пайызға артқан

Next Post

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің техникалық жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі