13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨРТЕНГЕН БАЗАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР

3 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨРТЕНГЕН БАЗАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісайдағы «Күлпаршын» орталық базарынан 580 жүк көлігімен 3150 тонна қоқыс шығарылды. Жекеменшік базар өрт қалдықтарынан тазартылды. Базарды қалпына келтіру жұмыстары екі ауысымда, тәулік бойы жүргізілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға Жетісай базарының бүгінгі жағдайы баяндалды. Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді. Аталған оқыс оқиға қайталанбауы үшін аудан, қалалардағы барлық базарлардың талапқа сай жұмыс істеуін қадағалап, қауіпсіздік шараларын тексеруді тапсырды.

Өртенген базардың жаңа жобасы жасалды. Сауда нүктелері қолайлы әрі қауіпсіз етіп салынады. Оны тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Қазығұрт аудандарының құрылысшылары жұмыс істейді. Базардың инфрақұрылымы жақсарып, жолы жөнделеді

– Халықтың мүддесін қорғау – бірінші мәселе. Сондықтан өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетуді тездету керек. Жеңілдетілген несие беруді шешіп, банкке қарызы барларды қолдау қажет. Қарызды қайтару мерзімін шегеру бойынша жұмыс күшейтілсін, – деді Дархан Сатыбалды.

Өртенген нысан жанындағы жұмысы тоқтаған базарды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлер қалауы бойынша сонда көшіріледі.

Базарға өрт қауіпсіздігі бойынша мамыр айында тексеру жүргізіліп, бірнеше кемшілік анықталып, ескерту жасалған. Өрт қауіпсіздігіне байланысты талаптар сақталмаған. Оқыс оқиғаға байланысты полиция тарапынан тергеу жүріп жатыр. Өрт-техникалық сараптама, сот құрылыс сараптамасы жүргізілді. Шұғыл тергеу тобы құрылған.

Өрттен 600-ден астам саудагер зардап шегіп, мыңнан астам сауда нүктесі жапа шеккен. Келтірілген шығындарды өтеу бойынша арнайы қор құрылды.

Previous Post

В Шымкенте оштрафовали компании по вывозу твердых бытовых отходов

Next Post

БІЗ ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРМЕН БІРГЕМІЗ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі