13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ АНАЛАР «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА»-МЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ АНАЛАР «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА»-МЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі атынан көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен құттықтап, салтанатты түрде табыс етті.

– Құрметті көпбалалы аналар, аяулы жандар, ардақты аналар! Сіздер үшін бүгін қос бірдей қуанышты күн. Марапаттарыңыз Білім күні мерекесімен қатар келіп тұр. Биыл ауданымызда мектептің табалдырығын 5 мыңнан аса оқушы аттады. Өткен жылға қарағанда оқушы саны артуда. Осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырған сіздердің үлестеріңіз бен өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында деп білемін. Жыл сайын көпбалалы аналар мен балаларды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қамқорлықтар көрсетіліп келеді. «Отан отбасынан басталады» демекші, сіздер ұрпақты дүниеге әкеліп, мейірім сыйлап, үлкен азамат етіп өсіріп отырсыздар. Отбасыдан бөлек, сіздердің араларыңызда қоғамда түрлі салада еңбек етіп жүрген аналар бар. Өздеріңізге алғысымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға баянды бақыт, таусылмас қуаныш пен жақсылық тілеймін. Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер. Мемлекеттік наградаларыңыз құтты болсын! – деді әкімнің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 шілдедегі №969 Жарлығына сәйкес, жалпы 62 көпбалалы ана марапатталды. Марапатталғандардың ішінде басым көпшілігі үй шаруасындағы аналар. Ақсукент ауылынан 29, Ақбұлақ ауылынан 11, Арыс ауылынан 10, Қарасу ауылынан 8, Жібек жолы ауылынан 4 ана болды.

Іс-шара соңында алтын құрсақты аналар аудан басшылығына өз ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетейік, «Алтын алқа» жетінші сәби бір жасқа толған кезде және барлық баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі.

Ескертейік, егер олардың бірі Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар есепке алынады.

Алты баласы бар аналарға «Күміс алқа» беріледі.

 

 

Previous Post

ШЫМКЕНТТІК ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАУ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАННАН ТЕРІСКЕЙГЕ МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі