Түркістан облысында облыстың су айдындарындағы балықтың табиғи қоры 14,1 мың тоннаны құрайды (ғылыми дерек), яғни облыстың балық өндіру потенциялы жоғары деңгейде. Тауарлы балық өндіру бойынша 2020, 2021 жылдары республикада көш бастады. ҚР Үкіметінің балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес, 10 жылда облыста тауарлы балық өндірудің көлемін 20 мың тоннаға жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде, резервтегі су айдындарын бекітіп беру, заңдастыру облысаралық балық шаруашылығы инспекцияларының құзырында. Заңға сәйкес, 2022 жылға дейін балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау Ауыл шаруашылығы басқармасымен жүргізілген. Бүгінде Табиғи ресурстар басқармасының құзыретіне берілуіне байланысты, Заңдастыру толығымен аяқталды.
Түркістан облысы аумағында тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл орналасқан. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Қосымша 46 жергілікті маңызы бар су айдыны қайта конкурсқа қойылып, 2021 жылдың 2-жарты жылдығына дейін толығымен бекітілді.
Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығымен қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асатын 133 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде үш ірі кәсіпорын — Шардара ауданындағы «Хамит» СТК, Сайрам ауданындағы «Көмеш балық» ЖШС және Түлкібас ауданындағы «First fish company» ЖШС бар.
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.
Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды балық өсіру саласының жоғары әлеуетін атап өтті. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.
Айта кету керек, сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды су қоймаларында балық өсіру саласының жоғары әлеуетін айтуда. Мәселен, өңірдің тауар өндірушілері 2 мың тоннадай балық өнімін Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға балық экспорттайды.