13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экология

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

31 августа, 2022
in Экология
0
ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамдық тыңдаулар мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу үшін ашық отырыстарды, сауалдарды өткізу арқылы мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдау процессінде қатысуға жұртшылықтың құқықтарын іске асыру нысандардың бірі.

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Демек, экологиялық сараптамаға ұсынылатын барлық жобалар бойынша тұрғындардың келісімі есепке алынады. Сонымен бірге мүдделі жұртшылық өкілдері болмаған кезде қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді деп есептеледі.

Қоғамдық тыңдаулар тәртібі Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидасында (ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.08.2021 ж. № 286 бұйрығы) айқындалған. Тыңдаулар Бірыңғай экологиялық порталда (ecoportal.kz) ашық жиналыстар өткізу немесе көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы ұйымдастырылады. Осы тәртіпке сәйкес қоғамдық тыңдауларды Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (әрі қарай Басқарма) ұйымдастырады және тыңдауларда тек қоршаған ортаға қатысты мәселелер қаралады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабарландыру газетте және теле немесе радиоарна арқылы, сондай-ақ мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда таратылады. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар республикалық (ecoportal.kz) порталда және Басқарманың ресми интернет-ресурсында танысу үшін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.

Түркістан облысы бойынша жалпы 201 ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қоғамдық тыңдауларда жұртшылықтың пікірі ескеріліп, 2019 жылы «Джон Бан МеталлПром» ЖШС-нің Ордабасы ауданы Бадам ауылдық округінде мырыш пен қорғасын тотықтары және мыс концентраты өнімдерін шығаруға арналған металлургия зауты құрылысының жобасы және 2020 жылы «DUOS Битум Group» ЖШС-не қатысты Сарығаш ауданы Дарбаза ауылында битум зауытының жұмыс жобасы бойынша объектілердің құралысы тоқтатылды.

Ағымдағы жылы бүгінгі күнге 113 ашық жиналыстар ұйымдастырылды, оның ішінде 3 тұрғындар өткізілмеді деп есептелді, тыңдауға қатыспауына байланысты, 10 жоба бойынша жұртшылық қарсылығын білдірді. Сонымен бірге ecoportal.kz порталда 162 көпшілік талқылаулары ұйымдастырылды.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 45 МЕТР БИІКТІККЕ АЛЫП ТУ ОРНАТЫЛДЫ

Next Post

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі