13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Пәтерге мұқтаждар кезегінде 49 мыңнан аса азамат бар

21 сентября, 2022
in Қоғам
0
Шымкент: Пәтерге мұқтаждар кезегінде 49 мыңнан аса азамат бар
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева тұрғындарды баспана мәселесіне қатысты қабылдау өткізді.

Басқарма басшысы қабылдауда болған азаматтардың мұң-мұқтаждығын тыңдап, Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған азаматтардың тұрғын үй кезегіне тіркелуге, тұрғын үйді жекешелендіруге, және жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу арқылы баспаналы болудың бағыттарына қатысты сұрақтары тыңдалды.

— «Баспана мәселесі адам өміріне ерекше ықпалы бар тұрмыстық ахуал екені белгілі. Осыған байланысты біздің басқарма өзіне жүктелген міндет жүгінің қаншалықты жауапты екендігін жете сезіне отырып, сапалы жұмыс атқаруға күш салуда. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаждар кезегінде 49 мыңнан аса азамат тіркелген. Бұл ретте азаматтарды баспанамен қамту мәселесі тек кезек реті арқылы ғана жүзеге асатындығын ерекше атап өтемін»,- деді басқарма басшысы Жанат Өмірсейітқызы.

Жалпы биыл тұрғын үй кезегіндегі 748 отбасыны сатып алу құқығынсыз әлеуметтік баспанамен қамту жоспарланған болса, оның ішінде ағымдағы жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 31, көпбалалы отбасылар – 86, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы бойынша – 95 отбасыға пәтер кілті табысталды. Қалған пәтерлер алдағы уақытта жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады. Бұдан бөлек биыл «Жастар» бағдарламасы бойынша 857 азамат сатып алу құқығынсыз пәтермен қамтылады.

Айта кету керек, қазіргі таңда тұрғын үй кезегі арқылы азаматтарға арендалық баспаналар сатып алу құқығынсыз берілуде.

«Тұрғын үй қатынастары» заңына сәйкес, тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін табысы төмен отба­сыларға тұрғын үй сертификаты ұсы­нылуда. Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастаған. 2019 жылы 21 азаматқа 20,4 млн теңгеге, 2020 жылы 101 азаматқа 100 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілсе, 2022 жылы 500 азаматқа 1 млн теңгеге дейін  қайтарымсыз негізде  бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек қарастырылып отыр.

Previous Post

Шымкент: С 1 января 2023 года будет увеличен период назначения социальной выплаты по уходу за ребенком с одного года до полутора лет

Next Post

В Шымкенте арегистрировано более 49 тысяч граждан, нуждающихся в квартирах из коммунального жилищного фонда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі