13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ «ТОҒЫСТА» ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА

21 сентября, 2022
in Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕГІ «ТОҒЫСТА» ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қалаға іргелес жатқан Тоғыс тұрғын алабына барып халықпен кездесті, елді мекенде жаңғыртылып жатқан инженерлік инфрақұрылым құрылысын тексерді.

Қазіргі таңда мұнда 7500-ге жуық халық тұрады. Мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған.

Алайда атқарылуға тиіс біршама жұмыстар бар. Солардың бірі — ұңғыма салу. Бұл өз кезегінде Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды. Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда.

Айта кетерлігі, бұл су ұңғымасы қосымша ұңғыма ретінде жаз айларында қолдану үшін керек.

Қала әкімі тексеру барысында жұмыстың белгіленген мерзімінен кешікпей, сапалы орындалуына күш салуымыз қажет деп, жауапты мекемелерден нәтижелі жұмыс көрсетуін талап етті.

Жалпы Тоғыс жұрты ауыз судан тапшылық көрмеген. Қамтылу көрсеткіші 98,5 % құрайды.

Сол сияқты электр жарығын тұтынушылар да 99%. Биыл 11 абонентті жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды.

Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші де 98% құрайды, тек жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық сметалық құжаты әзірленеді.

Мұндағы жолдарға да аса назар аударылуда. Былтыр 2 көше “Ақмая”мен “Айыршық” орташа жөндеуден өтсе, биыл 4 көшеге асфальт төселді. Жалпы мұнда 18-көше бар.

Сонымен қатар осы жылы 2 көше “С.Оспанов” және “Мұнайбарлаушылар” көшесі жарықтандырылды.

Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» — жеке инвестиция есебінен ашылуда. Нәтижесінде Тоғыс, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас халқы осында келіп ем ала алады.

Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы — 200 адам.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫ ЭТНОС ЖАСТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУДЕ

Next Post

ШЫМКЕНТ: МОДЕРНИЗАЦИЯ ИНФРАСТРУКТУРЫ НА «ТОГУСЕ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі