13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ «ЫНТЫМАҚ-2» ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ БАТЫС БӨЛІГІН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

20 сентября, 2022
in Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕГІ «ЫНТЫМАҚ-2» ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ БАТЫС БӨЛІГІН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты «Ынтымақ-2» шағынауданының Батыс бөлігінде 2 071 үй орналасқан. Бұл маңды инфрақұрылыммен қамту мәселесі өзекті. Қазіргі таңда газ, су, жол, жарықтың жырын шешу үшін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда шымшаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған елдімекенге барып, нысандар құрылыс сапасын тексерді, тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады.

Айтып өтейік, аумақты электр қуатымен қамту мақсатында мердігер «Туран Энерго групп» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ал «Энерго ресурс Шымкентгаз» ЖШС газ құбырларын тартумен айналысуда. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, абоненттеу жүргізіледі. Көшелерді асфальттау 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазір мұнда 22 көше бар. 4-і асфальтталған, 15 жолға тас төселген, қалған 3-і топырақ жол.

Шағынаудан балалары 1 мектеп, 3 балабақшада білім алады. Батыс бөлігіне 900 орынды мектеп салу үшін 2,46 га жер телімінің құжаты рәсімделіп, қазір жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.

1 спорт алаңшасы ел иігілігінде, былтыр берілген.

Кездесу барысында шешімін тапқан мәселелер үшін алғысын білдірген тұрғындар, арыз-шағымдарын шаhар басшысына жеткізді.

Бұрын ауыл белсендісі ретінде тұрғындардың мұқтажын жеткізу үшін бармаған жеріміз қалмайтын. Нәтижесін де көрмедік. 2020 жылдан бері өзіңізбен жиі кездесіп, өтініштеріміз орындалып жатыр, енді жолымыз асфальтталып, сапалы электр энергиясын тұтынатын күн де алыс емес деп ойлаймын,-деді ауыл биі Ә. Балғабайұлы.

Мәселелердің таяу арада оң шешімін табуы үшін қала әкімі арнайы хаттама толтыртып, сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Previous Post

«AMANAT»: МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛҒА АТҚАРУШЫ ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

По генплану, в Шымкенте появятся набережные вдоль городских рек Кошкарата и Бадам

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі