13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ «КӨКБҰЛАҚ» ЕЛДІМЕКЕНІН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСУДА

19 сентября, 2022
in Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕГІ «КӨКБҰЛАҚ» ЕЛДІМЕКЕНІН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елдімекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді.

Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған. Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді. Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған. 2 390 тұрғыны бар Көкбұлақтағы тағы бір мәселе — жолды асфальттау болатын. Қазіргі таңда 9 көшенің бесеуіне тас төселсе, төртеуі асфальтталды. Жалпы былтыр 6 шақырымға шағал тас төселген. Келер жылы Ағыбек ата, Үркінбай ата, Жомарт ата көшелеріне асфальт төселеді. Ал 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері асфальтталатын болады. Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылы 800 м Есбол қажы көшесі жарықтандырылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 77 нысан болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Қалада биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Қоғамдық көлік мәселесі шешілген,№146 және №180 маршруттары қойылған. Бұдан бөлек, былтыр 2, биыл 1 балалар алаңшасы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда. Құрылыс нысандарын аралай жүріп, жергілікті тұрғындармен кездескен әкім басқа да мәселелерге көңіл аударып, оның шешілу жолдарын жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Previous Post

Шымкент: По генплану лет через пять, это будет совсем другой город

Next Post

ПРОДОЛЖАЕТСЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ИНФРАСТРУКТУРНЫМИ СИСТЕМАМИ НАСЕЛЕННЫЙ ПУНКТ «КОКБУЛАК»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі