13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді

23 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Астанада Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков «ASMAR — бірлік дәстүрлері» әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық Конгресінде сөз сөйледі. Қатысушылар Қазақстандағы әйелдер бизнесін қолдау және тұрақты даму мәселелерін, іскерлік ортаны қалыптастырудағы жаңа тәсілдер мен трендтерді талқылады.

Вице-министр өз сөзінде мемлекет әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін айтарлықтай күш-жігер жұмсап отырғанын атап өтті. Бұл шағын және орта бизнестегі әйелдер үлесінің артуымен расталады (2010 ж. – 26%, 2021 ж. – 43,3%).

«Экономикалық белсенділікті қолдау мақсатында Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Ұлттық жоба шеңберінде қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ұсынылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау халықаралық қаржы институттарының және «Даму» КДҚ» АҚ-ның түрлі бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады», — деп хабарлады ол.

2021 ж. сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша кәсіпкер әйелдердің шамамен 10 мың жобасы қолдау тапты, кредиттерге кепілдік беру құралы бойынша 7 мың жоба қолдау тапты. Өткен жылы ақпараттық-қамтамасыз ету бойынша әйелдерге 84 мыңға жуық консультация, ал сервистік қолдау бойынша 17 мыңнан астам консультация көрсетілді.

Сондай-ақ, бүгінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың 17 орталығы жұмыс істейді. Мақсаты — әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру. Келесі жылы жаңадан құрылған өңірлерде орталықтар ашу жоспарлануда (Абай, Ұлытау, Жетісу).

«Бүгінгі күнге дейін орталықтарда 7 мыңнан астам әйелге қызмет көрсетілді. Олардың 30%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады», — деп мәлімдеді вице-министр.

ҚР ҰЭМ Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп кәсіпорындарға техникалық көмек көрсету, сондай-ақ қаржылық қолдау арқылы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға бағытталған «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске асыруда.

Сонымен қатар, еліміздің аймақтарында «Бір ауыл – бір өнім» пилоттық жобасы енгізілді.

«Біз кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту тұтастай алғанда елдің инклюзивті, өмірге қабілетті және орнықты экономикасының мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететініне сенімдіміз», — деп түйіндеді Омарбеков.

Previous Post

Шетелдіктердің елге келуі мен болуы бақылауда – ІІМ Көші-қон қызметі

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ТМД-НЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі