Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың мүлік салығын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттілігін еске салады.
Салық сомасын Комитет порталы «алдағы төлемдер» kgd.gov.kz сервисінде, «е-SalyqAzamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ, банктердін Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшаларында көруге болады. Мұнда сіз салық сомасын төлей аласыз. Салық төлеу арқылы, біз еліміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз.