13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ШЫМКЕНТТІК ДЗЮЗОШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

26 августа, 2022
in Спорт
0
ШЫМКЕНТТІК ДЗЮЗОШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!
Share on FacebookShare on Twitter

Босния және Герцеговина астанасы Сараевода 24-27 тамыз күндері   Әлем Чемпионаты өтуде.  Аталмыш додада Қазақстан құрамасынан 17 спортшы бақ сынауда.

Шымкенттік спортшы Талғат Орынбасар 60 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Францияда өткен Дүниежүзілік гимназиядада және биылғы Азия Чемпионатында спортшымыз жеңімпаз атанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Ливанда жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Азия чемпионаты өтті.  Құрама сапында өнер көрсеткен шымкенттік Талғат Орынбасар барлық қарсыласын ұтып Азия чемпионы атанған еді.  Талғат Орынбасардың  жасөспірімдер құрамасы сапында  Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуін жоғары бағалаған қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев балуанның өзі спортшылар отбасының даңқын жалғап отырғанын айтқан болатын. Себебі, Талғаттың әкесі даңқты балуан Рио олимпиадасына қатысушы Орынбасар Құралбай болса, нағашы ағасы самбодан әлем чемпионы атанған атақты Қорған Тұрымбетов болады. Осындай дара спортшылардың дзюдо күресінде жете алмаған олимпиаданың шыңын Талғат бағындырады деген үміт бар деді басқарма басшысы. Дара балуанды ұштап отырған №10 күрес мектебінің басшысы Саян Мекембаев алда балуанға бар мүмкіндіктер жасалатынын айтты.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) сайтында, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына 60 елден 484 спортшы (271 ер және 213 қыз) қатысатыны жазылған.

Чемпионат 16 салмақ дәрежесінде өтуде: жасөспірімдер арасында 8 салмақ дәрежесінде (-50,-55,-60,-66,-73,-81,-90,+90 кг) және қыздар арасында да 8 санатта (-40,-44,-48,-52,-57,-63,-70, +70 кг).

Айта кету керек, дзюдодан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізіледі.

27 тамыз, сенбі күнге дейін Сараевода өтетін жетінші әлем чемпионаты алғашқы үш күнде жеке жарыстардан тұрады. Соңғы күні командалық жарыстар өтеді.

Previous Post

В Азербайджане проходят “Дни города Шымкент"

Next Post

ШЫМКЕНТСКИЙ ДЗЮЗОИСТ СТАЛ БРОНЗОВЫМ ПРИЗЕРОМ ЧЕМПИОНАТА МИРА!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі