13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: әулие Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына арналған халықаралық V форумы өтті

17 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: әулие Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына арналған халықаралық V форумы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Форум қатысушылары шара басталмас бұрын Бекасыл баба кесенесіне барып, құран бағыштады. Музейімен танысты. Кеңесарық ауылындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қасқасуда қазақ-қырғыз зиялылары бас қосқан Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келіп, Президенттің құттықтау сөзін оқыды.
«Қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келіп, ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан ғұламаның «Зикзал» атты еңбегі халқымыз үшін асыл мұра. Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ғұлама Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен ұстаз деп мойындап, оның «Зикзал» атты еңбегін баға жетпес құнды ғылыми туынды деп бағалаған» делінген Президент құттықтауында.
Сондай-ақ атаулы шараға белгілі мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов,
мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов, Қырғыз елінен келген делегацияны бастап келген халық ақыны Кожогелді Күлтегін мен Жоғарғы кеңесінің экс спикері Зайнидин Құрманов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысса, форум модераторы Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек модератор болды. Спикерлер баба рухына арнап сөз сөйлеп, шара туралы ойларымен бөлісті.
Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты тағылымы мол шығармасы жайында Зәріпбай Оразбай, Бекасыл Биболатұлының аңыз-әңгімелері жайында Сауытбек Әбдірахманов, Алтынбек Құрманов форум қатысушыларына баяндама оқыды. Автордың «Зикзал» атты еңбегінің бүгінгі күнге жету тарихы туралы Анарбек Орман баяндады.

Previous Post

"ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ" ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: МЕРДІГЕРЛЕРГЕ БІРНЕШЕ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі