13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ОТБАСЫ КҮНІ» ҮЙЛЕНГЕНДЕРГЕ НЕКЕ КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ

9 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ «ОТБАСЫ КҮНІ» ҮЙЛЕНГЕНДЕРГЕ НЕКЕ КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» болып аталып өтіледі.  Бұл күн 2015 жылдан бері тойлануда. Содан бері осы мерекеге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйлау дәстүрге айналған.

Биылғы мерекеге орай жас отбасыларға «Неке қию куәліктерін» салтанатты түрде табыстау іс-шарасы ұйымдастырылды.

Қала тұрғыны Бақдәулет Әуелбеков пен Аружан Тұрғын мереке қарсаңында  отбасын  құруды  жоспарлаған екен.  Жас отбасылардың некесі мерекеде алғаш болып тіркелді.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова некеге тұруға ниет білдірген жастарды құттықтап, отбасыларға неке куәліктерін табыс етіп, жауапты қадамдарына сәттілік тіледі.

Жалпы  отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Айта кетейік, қалада 2022 жылдың 8 айында 4735 неке қию туралы акт жазбасы тіркелген. Шымкент қаласында 2020 жылы 6776, өткен жылы жалпы 7880 азамат отбасын құрса, жыл басынан бері 2946 мың жұп отбасын құрған. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында азаматтық құқықтық актілерін тіркеу бойынша 2021 жылдың 9 айына жалпы 21 550 хаттар қаралып, 50 850 азаматтық хал актілері тіркелген. Ал, басқармада азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 2022 жылдың маусым айына жалпы 13 963 хаттар қаралып, 24 934 азаматтық хал актілері тіркелді. «Азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімі 8 түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Қызметтерді үйден шықпай-ақ, онлайн түрде алуға жағдай жасалған. Цифрлық жүйе арқылы некеге тұруға өтініш берген жұп АХАТ бөліміне бір айдан кейін құжаттарын алуға ғана келеді.

Previous Post

«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫ ҚАРАЛДЫ

Next Post

В Шымкенте в заочном определении группы инвалидности участвуют 44 медицинских учреждения

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі