13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

7 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкенттегі 19,4 шақырымдық жылу жүйесін жаңарту жоспарланған. Осылайша  қаладағы тозығы жеткен жылу жүйелері жаңартылмақ.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бұл жылы 19,4 шақырымға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 17,8 шақырымы біткен, бұл 92 пайызды құрайды.

Соның ішінде, Толстой – Адырбеков көшесінде 357 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Бүгінде оның 267 метрі аяқталса, қыркүйек айының соңына дейін толық ауыстырылып бітпек.

Адырбеков-Жібек жолы көшесінде ұзындығы 4 шақырымды құрайтын магистралдық жылу құбырын ауыстыру жұмыстары да осы жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, толығымен 2023 жылы бітпек. Нәтижесінде жылу құбырының тозу деңгейі төмендеп, 450-ден астам көп қабатты тұрғын үй сапалы және тұрақты жылумен қамтылатын болады. Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 91% дайындалған. Ал, 484 бюджеттік мекемелерден бүгінгі күнге дайындалғаны 480 нысан (99%), дайындық жұмыстары жалғасуда. Аталмыш мекемелер отын қорымен толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 100,8 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 35 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр. Қаладағы 15 жылу қазандығының қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда. Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр.

Previous Post

ШЫМКЕНТЕ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫС ӨТЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТІК АРДАГЕРЛЕР ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі