13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,7 есеге өсті

31 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,7 есеге өсті
Share on FacebookShare on Twitter

Амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық  қызметтерді  қаржыландыруды ұлғайту көзделген. Өйткені, МӘМС  жүйесіне  қатысушылар  тарапынан  аталмыш  қызметке  сұраныс көп  түседі.  Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.

МӘМС  жүйесінің  енгізілуі  медициналық көмекті қаржыландыру көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Биылғы жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге 29,6 млрд. теңге қарастырылды. Оның ішінде, 24,7 млрд. теңге  МӘМС жүйесіндегі қызметтерге бағытталды.

Ағымдағы жылдың 6 айында бейінді мамандардың консультациясы мен диагностикалық зерттеулер бойынша 14, 7 млрд. теңге сомасында  қызмет көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Оның ішінде,  қымбат тексерулер (КТ, МРТ, ПЭТ) бойынша  1,3 млрд. тенгеге қызмет көрсетілді.

— Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетіледі. Жалпы, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық  күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық сақтандыру қорымен мекеме  медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартта көмекті толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және сапа үшін жауапты – деді, Асхат Асанұлы.

Мәселен, егер медициналық ұйымда бекітілген халыққа дербес және уақтылы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, онда Қордың жеткізушілерінің қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Бүгінде деректер базасында  125 орындаушы  бар.

Жеткізушілердің толық тізбесімен өңірлерге бөле отырып Қордың fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау», «Медициналық қызметтерді сатып алу» – «КДҚ қызметтерін жеткізушілер» бөлімінен танысуға болады.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 45 МЕТР БИІКТІККЕ АЛЫП ТУ ОРНАТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі