13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

КЕНТАУДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАҢА НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

25 августа, 2022
in Білім
0
КЕНТАУДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАҢА НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы  қала басшысы Жандос Тасов Тамыз кеңесінде айтты.

«Бүгінгі күн — білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл тұрғы да оқушыларымыз жан-жақты білімдерін дәлелдеп келеді. Өткен оқу жылының нәтижесі де жемісті болды. Оның бәрі әрине алдымен ұстаздардың еселі еңбегінің нәтижесі деп білем. Баршаңызға аян, Кентау қаласы білім жағынан үнемі алдыңғы қатарлардан көрініп жүреді. Мұндағы ұстаздардың білім берудегі қалыптасқан тәжірибелері мен іскерліктерінің арқасында деп айтуға болады» деген қала әкімі өткен оқу жылын жемісті аяқтаған ұстаздарға алғысын білдірді.

Білім саласында елеулі қызмет атқарып келе жатқан бір қатар ұстаздарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстап, алғыс хаттармен мараптталды. Сонымен қатар, кентаулық белсенді ұстаздарға облыс әкімінің алғыс хаты мен грамотасы берілді.

Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Д.Болатханұлының арнайы келіп қатысып, білім саласындағы жаңа реформаларға тоқталып өтті. «Биыл Түркістан облысындағы мектептерде 510 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл – республикадағы ең үлкен көрсеткіш, әрбір 7-ші бала Түркістан облысында білім алады деген сөз. 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Оның қатарында Кентау қаласы да бар. Екі мектепке қосымша нысан қажеттілігі мен жаңа мектеп салу жоспарланған» деді.

Тамыз кеңесінде білім сапасын арттыру, ұстаздардың білімін арттыру, мектеп тапшылығын жою және өзге де мәселелер талқыланып, маңызды баяндамалар жасалды. Айта кетейік, Кентау қаласында жаңа оқу жылында жаңа бір мектеп пен Хантағы ауылында екі жаңа заманауи спорт залы пайдалануға берілмек.

Қала бойынша 844 түлек мектеп бітіріп, 726 оқушы ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ нәтижесінде жалпы орта балл 73,9 баллды құрап, 72 оқушы «Алтын белгі»,40 оқушы «Үздік аттестат» алды.

Биылғы бітіруші түлектердің 412-ы мемлекеттік грантқа, ал 2 оқушы шет ел мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындарына түсті. Қазіргі таңда мемлекеттік грантқа түскен оқушылардың үлесі 57% құрады.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Next Post

ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ҚАРИЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі