13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан: “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” әдеби-кеші өтті

22 августа, 2022
in Мәдениет
0
Түркістан: “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” әдеби-кеші өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін музейде ерекше іс-шара болып өтті. Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған

“ Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші өткізілді.

Іс-шарамыздың басты мақсаты Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап, мұрасын халыққа жеткізу .

Әдеби-сазды кешіміздің шымылдығын музей басшысы Айгуль Шалабаевна ашып берсе, ары қарай осы іс-шарамыздың басты қонақтары болған, аудандық, облыстық «Абай оқуларының» жүлдегерлері мен саз мектебінің талантты жастары болды.

Мерекелік іс-шарамызда №1-қосымша білім беретін мектеп орталығының 8-сынып оқушылары

Айдосұлы Нұрлан, Тойшыбай Нұргүл Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқып, қара сөздерінен шашу шашса, Абай ауданы білім бөлімінің «14 мектеп- лицейінің», 9-6 сынып оқушылары, Сенько Евгения, Гусь Арина, Колябина Анастасия, Гимазетдинова Дарья жырдан алқа тағып, Абай бәрімізге ортақ ақын екенін тағы бір мәрте көрсетті десек артық емес. «Абай қаласының балалар өнер мектебінің» оқушысы Санай Жаннұр Абайдың күйі «Торы жорғаны» орындап кешіміздің әдемі нүктесін қойды.

Іс-шарамызға үлкен үлес қосқан, осындай өнерлі, талапты болашақ азаматтарымызды тәрбиелеп отырған Ұстаздарымызға мың алғыс. №1-қосымша білім беретін мектеп орталығының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Камелхан Гүлжазира, Саттарова Дина Жолдыбаевнаға және Абай ауданы білім бөлімінің «14 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімдері əдістемелік бірлестігінің жетекшісі Рыскүл Сатқұлқызы Қадауова мен «Абай қаласының балалар өнер мектебінің» оқытушысы Конкабаева Айнамкөз Батаевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз жана берсін! Кешіміздің соңында барлық оқушылар мен ұстаздарға алғыс хат пен кішігірім сыйлықтар табыс етілді.

Previous Post

Түркістан: Азаматтарды мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқаны басталады

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ С 29 АВГУСТА НАЧНЕТСЯ ПРИЁМ ЗАЯВОК ПО III ПОТОКУ НА ПОЛУЧЕНИЕ ГРАНТОВ В РАЗМЕРЕ 400 МРП

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі