13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ОТЫРАРДА МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

20 августа, 2022
in Білім
0
ОТЫРАРДА МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін таңертеңгі 9-00 ден бастап аудандық мәдениет сарайында «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтуде.

Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, мектеп формаларын, қажетті кеңселік заттарды 10-15 пайызға төмен бағада ұсыну.

Шара барысында аудан әкмінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйледі, ол сөзінде «Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда, барша оқушыларды құттықтай отырып, білім мен ғылымға, жаңашылдыққа құштар болуға шақырамын! Сондай-ақ, жылдағы дәстүрдің ізін жалғап, демеушілік көмек көлемі жыл сайын артып келе жатқан «Мектепке жол» жәрмеңкесінің өтуіне қолдау білдірген ауданның барша кәсіпкер, демеуші азаматтарына алғысымды білдіремін»-деді.

Шараға ауданымыздың бірқатар кәсіпкерлері қатысты. Қалыптасқан дәстүрге сай оқушыға қажетті заттардың барлығы қойылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп атаған болатын. Яғни оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді.

Бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың есеп-шотына 37389 теңгеден 350 оқушыға қаржылай көмек аударылды. Оқу жылына дейін ауданымыз жалпы саны 755 оқушыға материалдық көмек ретінде қаржы аудару жоспарлануда.

Сондай-ақ, ауданымызда көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға қол ұшын созамын деген жандар шама – шарқыларынша, мектеп құралдары мен ақшалай қайырымдылық көрсетіп келеді.

Ауданымызда жаны жомарт азаматтардың демеушілігімен 100 оқушыға мектеп формасы мен қажетті кеңселік заттармен қамтамасыз етілетін болады.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жәрмеңкеге ата-аналар ризашылықтары мен алғысын білдірді. Шараға келген халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әсем әуендер орындалуда.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕГІ СОЛТҮСТІК САЯЖАЙҒА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі