13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРҒА» КЕШЕНДІ КӨМЕК КӨРСЕТУ…

15 августа, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРҒА» КЕШЕНДІ КӨМЕК КӨРСЕТУ…
Share on FacebookShare on Twitter

Әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау біздің еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше көңіл бөлді және оның құрбандарына қолдау көрсету жөнінде тиімді шаралар қабылдауды тапсырды. Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес, аудандық полиция бөлімінің тергеу жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Ербол Оралбаев пен Созақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен бірлесіп дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған тиісті бөлім, мекеме басшалары қатысты. Дөнгелек столда аудан әкімінің орынбасары Оразов Қалдыбек жүргізіп отырды. Созақ аудандық полиция бөлімінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова баяндама жасады. «2022 жылдың 7 ай мерзімінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар 111 әйелдерге қарсы күш қолдану жәйтері тіркелінген. 2022 жылы 10 наурыз айында Созақ аудан көлемінде Түркістан қаласына ТОО «Сенім ай» орталығына 2- отбасы жатқызылды. Пилоттық жоба бойынша зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жәбірленушілерді Полиция ғимараттарына жеткізуге жол бермеу қажет, себебі олар психологиялық жәбір көрген, онда басқа қылмыспен өтіп жатқан күдіктілерді көріп психикасына одан әрі зақым келуі мүмкін. Сондықтан жәбірленушілерге қатысты тергеу әрекеттері дағдарыс орталығында басталып, сонда аяқталу қажет»,- деді.

Жиын барысында, Созақ ауданы орталықтарында зорлық-зомбылық, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық зардап шеккен әйелдер мен балаларға кешенді көмек көрсету жөніндегі құрбандарына медициналық, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсететін дағдарыс орталықтарын ашуға стандартқа сәйкес келетін арнайы ғимараттарды бөлу жайлы сөз болды.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы өз сөзінде сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету қажеттілігін баса айтты. Ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелеріне зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға кешенді көмек көрсету туралы тапсырма берді.

 

Previous Post

Достык будет обеспечена качественным электричеством

Next Post

ТҮРКІСТАНДА АРХЕОЛОГТАР КҮНІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі