13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістан: Орталық кітапханада әлем чемпионымен кездесу өтті

17 августа, 2022
in Спорт
0
Түркістан: Орталық кітапханада әлем чемпионымен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні. Аталған күнге орай, Созақ аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы, Азия біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы, Европа біріншілігінің жүлдегері, жас спортшы, аудан мақтанышы, ҚР-ның 8 дүркін жеңімпазы Орынбасаров Қобыланды Сауранұлын оқырмандарға таныстыру бағытында «Спортты жанына серік еткен Қобыланды» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешінде оқырмандар спорт саласында үлкен белестерді бағындырып жүрген Қобыланды Сауранұлына сұрақтар қойды. Еркін форматта пікір алмасты. Спорт саласындағы аға буын әріптестері ізгі тілектерін білдірді. Кездесуді қорытындылаған оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Эльмира Қайдауқызы, спорт саласының қызметкерлерін Қоблынды Орынбасаровты кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат ұсынып, ілтипат көрсетті.

Айта кетейік, Қобыланды Орынбасаров гір көтеру спортынан әлем чемпионы. Гір көтеру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионатында ұзын циклді көтеруден I орын алған спортшы. 2016 жылы Қостанай қаласында, наурызда Ақсай қаласында өткен екі сайыста да Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын иеленді. 2016 жылы 14-18 шілде аралығында Латвия қаласында өткен Европа чемпионатында ІІ орын алды. 2016 жылы 26-30 қазан аралығында гір көтеру спортынан БҚО Ақтөбе қаласында өткен әлем чемпионатында І орын алып, әлем чемпионы атанды. 2017 жылы 14-16 ақпан аралығында Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатында І орын алып, әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. 2017 жылы Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Созақ ауданы әкімінің дипломымен марапатталған.  Алматы қаласындағы Қазақ туризм және спорт академиясын тәмамдаған.

Previous Post

Шымкент : Айнатас тұрғын алабының 9 көшесіне асфальт төселуде

Next Post

Шымкент : Асар-2 елді мекені инфрақұрылыммен қамтылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі