13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

СОЗАҚТЫҚ ЖАСТАР МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

17 августа, 2022
in Мәдениет
0
СОЗАҚТЫҚ ЖАСТАР МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

16-тамыз Созақ ауданының жастары күні. Айтулы дата аудан орталығы Шолаққорғандағы «Тәуелсіздік» саябағында кеңінен аталып өтілді. Алдын-ала әлеуметтік желі арқылы көпшілікке жарияланған хабарландыруды ести сала ағылған жастардың қарасы қалың болды. Мерекелік жиынның шымылдығын аудан аумағында ғана емес жалпы Түркістан облысына өнерлерін паш етіп жүрген өнерлі «Созақ серілері» ансамблі ашып, сырлы созақтықтарды әсем әндерімен әлдиледі.

Бүгінде Созақ ауданы халқының төрттен бір бөлігін құрап отырған 14 пен 29 жас аралығындағы 15517 –ге тарта жастар бар. Біздің ауданымызда да жастарға ерекше көңіл бөлініп, қолдау көрсетіліп келеді. Соның бір дәлелі ауданымызда жаңа, заманауи Жастар орталығы ғимаратының бой көтеруі. Аудан жастарын бүгінгі мерекелерімен құттықтап, өз саласында үздік атанып, абыройға бөленіп жүрген, белсенді жастарды марапаттау үшін Созақ ауданы әкімінің орынбасары Оразов Қалдыбек Әбілдаұлын сахна төріне шығып, құттықтауын арнады.

Патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де жастарымыздың білімділігімен, біліктілігінен ортамен араласудан туындайды. Осы тұста жалындаған жастарға қанат қақты құттықтауын жеткізген аудандық мәслихаттың хатшысы Байғараев Бегімбет Бейімбетұлы өз саласында жемісті де, жеңісті еңбек етіп жүрген бірқатар жігерлі жастарға марапат ұсынды.

Сонымен қатар, 16- тамыз Созақ ауданының жастары күні мерекесінде ауданның бірнеше белсенді жастарын «Amanat» партиясының Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағындық Ернар Құралбекұлы марапаттап, бүгінгі буынға жүрекжарды құттықтауын жеткізді.

Саябақтың шырайын келтірген жастар үшін Созақ ауданның өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынса, жастар мерекесіне тарту ретінде арнайы шақыртылған құрметті қонақтарға да кезек берілді. Созақтың мақтанышы, жерлесіміз, актер, тележүргізуші Жақсыген Нұрсұлтан кештің тізгінін әрмен қарай өз қолына алып, қағытпа қалжыңдары мен әдемі әзілдері арқылы көрерменнің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, шараның көптен күткен жарық жұлдызы, жастардың сүйікті әншісі Қанай және Конго елінің азаматы Krist ел аузында жүрген танымал әндерін орындап, жастарға естен кетпес сәт сыйлады. Кеш соңы арнайы отшашумен аяқталып, қонақтармен қимастықпен қоштастық. Осы ретте ауданның кемел келешегі мен баянды болашағы болар бүгінгі жастарға қолдау көрсеткен Созақ аудандық әкімдігіне риясыз рақметімізді бідіреміз.

Previous Post

Халықаралық «BARCAMP–2022» Шымкенттен басталды

Next Post

Шымкент : А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының құрылысы жақында аяқталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі