13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА ШЕКАРАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

18 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА ШЕКАРАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бейбіт еліміздің тыныштығын қырағы күзетіп жүрген шекарашыларға артылған жүк ауыр. Елбасының Жарлығымен 1992жылы Шығыс шекаралық округінің базасында Шекара әскерлері құрылған болатын. Еліміздің оңтүстігін күзеткен Мақтаралдық шекарашылар да 30 жылдық мерейтойды қызметте қарсы алды.

Мақтаарал ауданы — шекаралы аймақ. Аудан Өзбекстан Республикасының 2 облысымен, оның ішінде 5 ауданымен шектеседі. Сондықтан да, өңірде тұрғындар шекарашылардың қызметіне ерекше құрметпен қарайды.

Биыл ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты Мырзакент кентінің орталық алаңында арнайы ұйымдастырылған салтанатты кеш өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, күн-түн демей ел тыныштығын күзетіп жүрген шекарашы сарбаздарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аудан басшысы бір топ сарбаздарды өзінің алғыс хатымен марапаттады.

«Тәуелсіздік жылдары еліміз мемлекеттік шекарамызды заңдық тұрғыдан халықаралық қауымдастық алдында мойындатты. Осы тұрғыда кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп тұрған шекарашыларымызда үлкен жауапкершілік жүгі бар. Жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін, ұзындығы 15 мың км-ден асатын еліміздің шекарасын күзету оңай шаруа емес. Сіздер елдің тыныштығы мен қауіпсіздігіне аса сақтықпен қарап, өздеріңізге артылған жүкті абыроймен көтеріп келесіздер» — деді Бақыт Насырханұлы.

Мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан батырларымыздың ерлігі жырланып, шекарашы сарбаздар әскери өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, шекарамыздан басып кірмекші болған терроршы, контрабандашылармен күресу шараларынан көрініс көрсетті.

Біле жүріңіз! Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен шектеседі. Республиканың құрлықтағы мемлекеттік шекарасының жалпы ұзақтығы – 13 402 км, су шекарасы – 1730 км. Кеңес Одағы кезінде ұзындығы 1,7 мың километр болатын Қытаймен арадағы шекара ғана күзетілді. Ал қазір қазақстандық шекарашылар бес елмен арадағы 15 мың километр мемлекеттік шекараны күзетіп, шөл мен құрлықта ғана емес, Каспий теңізінің акваториясы мен әуеде де күзетте тұр.

Previous Post

Түркістан: Тұрғындардың мәселесі сараланып, нақты шешімін табады

Next Post

Шымкентте «Әділдікті талап ет!» акциясы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі