13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТӘЖІК АҒАЙЫНДАР ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

27 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТӘЖІК АҒАЙЫНДАР ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округіне қарасты тәжік ағайындар тұратын Фердауси ауылының тұрғындары күллі Қазақ еліне арналған арнайы ас беріп, құран бағыштады. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі әлеуметтік желісінде жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Өзбекстандағы Сардаба су қоймасының апатқа ұшырауы салдарынан Фердауси ауылын су шайып, тұрғындар әп-сәтте үй-күйсіз далада қалған болатын.

Қиын шақта қол ұшын созған отандастарына фердаусилықтардың алғысы шексіз. Еліміздің барлық облысы мен өңірлерінен келген толассыз көмектің арқасында басқа түскен нәубеттен жеңіл құтылып, керісінше Үкіметтің және халықтың қамқорлығымен ауыл бұрынғыдан әлдеқайда көрікті бола түскенін, тіпті 10-20 жылға ерте дамып кеткенін тұрғындар үлкен қуанышпен жеткізуде.

Ауылдың асына алыс-жақын аудандар мен ауылдардан қиын сәтте көмегімен көзге түсіп, елдің жанынан табылған азаматтар шақырылып, әрбіріне жеке дара алғыс айтылды. Сондай-ақ, елдің алдыңғы шебіне шығып, күн-түн демей елдің қызметінде жүрген азаматтарға сый-құрмет көрсетілді.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан әкімі Бақыт Асанов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтар қатысып, ел бірлігін нығайту, ұлтаралық татулықты сақтау жөнінде жақсы пікірлерін айтып, жұдырықтай жұмылғанда ғана басқа түскен қиындықты оңай жеңуге болатынын сөз етті.

Бұл орайда Мырзашөлдің егіз баласындай болған Мақтаарал ауданының тұрғындары күні кеше алапат өрттен үлкен көлемде материалдық зардап шеккен Жетісай ауданының саудагерлеріне көмек қолын созу керектігі жөнінде айтылды. Деп жазылды баспасөз мәлімдемесінде.

Previous Post

САЙРАМДА «АТА ЗАҢЫМ - АЙБАРЫМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Next Post

СОЗАҚТА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі