13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

САЙРАМДА АУЫЛ — ЕЛ ТІРЕГІ ОНКҮНДІГІ ӨТТІ

26 августа, 2022
in Мәдениет
0
САЙРАМДА АУЫЛ — ЕЛ ТІРЕГІ ОНКҮНДІГІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қарамұрт ауылдық округінің мәдениет үйінде «Ауыл – Ел тірегі» аясында онкүндік іс-шара қорытындыланды.

Қорытынды кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев қатысты.

Жиын барысында ауылдық округінің әкімі Мамуржан Нажиев онкүндік іс-шара жоспарының орындалуына тоқталды. Өз сөзінде жоспарға енгізілген 28 мәселенің 21-і орындалды. Қалған 7 мәселе бақылауға алынып, алдағы уақытта оның нәтижесі болатынын айтып өтті. Ауыл тұрғындарымен санитарлық тазалық, абаттандыру, кәсіпкерлік ашу, жарықтандыру, каналды тазалау секілді бірқатар жұмыс жүргізілген. Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Келесі кезекте аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев аталған жоба аясында дербес бөлімдер тарапынан атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндады. Атап айтқанда, сауда орындары, дүңгіршектер, жеңіл конструкциялы нысан иелеріне заңсыз құрылыстардың алдын алу мәселесі түсіндірілді. Ауыл округінің кіреберісіне абаттандыру жобасы және ауыл саябағында орналасқан спорт алаңшасының арнайы эскиздік жобалары дайындалып, ұсынылды. 2 көшеге 23 дана электр бағанасы орнатылды. «10 тамыз — Абай күніне» орай, «Абай – дана, Абай – дара» тақырыбында әдеби кеш, сонымен қатар, кіші футболдан жастар мен ересектер арасында аудандық турнир өткізілді. 69 отбасыға мемлекет тарапынан көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, «Қамқорлық» бағдарламасына тартылған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен көпбалалы отбасылардан шыққан 10 балаға демеушілер тарапынан мектепке қажетті оқу құралдары берілді. Мұнан бөлек, бөлім басшылары салаларына қатыстылығына қарай тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, бақылауларына алды.

Әкім орынбасары Шухратулла Азатуллаұлы ауылдың дамуы және халықтың жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатынын тілге тиек етті.

Кездесу соңында ауыл биі онкүндік іс-шара кезінде белсенділік танытқан басшылар мен тұрғындарға өзінің ризашылығын жеткізіп, сәттілік тіледі.

Previous Post

Түркістан: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармашылық байқау жарияланда

Next Post

Зейнет жасын төмендету қажет пе?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі