13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

17 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл қазақ әдебиетінің қарымды қаламгері, заңғар жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовке 125 жыл. Осыған орай, Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Әуезов әлемі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Аталған семинардың алғашқы сөз кезегі кітапхана директоры, Қазақстанның педагогикалық академиясының профессоры Құдайбергенова Ақмарал Асанқызы мен жазушы, драматург, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Захардин Қыстаубайұлына ұсынылды. «Қазақ театрындағы Әуезов драматургиясының орны» тақырыбында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі, белгілі драматург ҚР Мәдениет қайраткері Сая Қасымбек, «Мұхтар Әуезовтің Абай ұрпақтарымен байланысы» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мұхтартану» ғылыми орталығының жоғары білікті маманы Әзімхан Исабек, «Мұхтар Әуезовтің әдеби әлемі» тақырыбында Созақ аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Маймақова Ғалия Сұлубекқызы, «Әуезов және әлем әдебиеті» тақырыбында Қазақстанның Халықаралық Жазушылар Ассосациасының мүшесі Өтеп Аида Рысбекқызы баяндама жасады.

Шымкент қалалық опера және балет театрының белді солисті, Халықаралық конкурстардың лауреаты Нуржан Жусипбековұлы ақын Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, көпшілікті керемет күйге бөледі. Кітапхана қызметкерлері Анар Абдуллаева, Аида Өтеп және тұрақты оқырман Әуелбек Әшімжан «Шәмшіні іздеген Мұхтар» тақырыбында өлең оқыды.

Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi! Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер Мұхтар Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, Мұхтар Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады. Өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу — біздің абыройлы міндетіміз деп білеміз.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖОМАРТ ЖАН 150 ОҚУШЫНЫ МЕКТЕПКЕ КИІНДІРДІ

Next Post

Шымкентте ХҚКО-лары арқылы жеті айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі