13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТКІНШЕКТІ СУДАН ҚҰТҚАРҒАН БАТЫРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

12 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН:  ЖЕТКІНШЕКТІ СУДАН ҚҰТҚАРҒАН БАТЫРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде орналасқан С.Ерубаев атындағы мектепте бүгін ауыл тұрғындарының қатысуымен салтанатты шара өтті. Оған қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен әкімдік өкілдері де қатысты.

Ал кездесудің негізгі қонағы ағайынды қос жігіт – Нұрғиса Бағланұлы мен Әділет Бағжанұлы және Нұрислам Нұрланұлы болды. Олар жуырда ғана Ақдала ауылында суға батып кеткен он жасар баланы аман алып қалған еді.

Оның інісі Әділет Жақсылық – Сабыр Рахымов атындағы әскери мектептің түлегі. Қос батырға риза болған көпшілік алғысын жаудырып жатыр.

«Ел аузында «Батырлық – білекте емес, жүректе» деген жақсы бір қанатты сөз кең тараған. Біз бүгін бейбіт күнде батырлықтың үлгісін көрсетіп, өзгеге өнеге болған жас жігіттеріміз бен олардың ата-анасына тұтас ел болып, құрмет-қошемет көрсетуге жиналып отырмыз», – деді қала әкімі Гүлжан Құрманбекова.

Жиынға суға кетіп, ажал аузынан аман қалған жасөспірім Шапағат Қаржау мен оның анасы Жадыра Кенжеханова да қатысып, ауылдастарына риясыз алғысын білдірді.

Қала әкімдігі тарапынан кездесудің басты кейіпкерлеріне теледидар мен арнайы сыйлықтар, ал мектеп басшылығы тарапынан алғыс хат табыс етілді. Сол сияқты олардың ата-әжелеріне шапан мен камзол сыйға тартылды. Ең бастысы Ақдала ауылының тұрғындары ерікті түрде шамасы келгенше қаражат жинап, өз батырларына қаржылай қолдау білдірді. Ал оқыс оқиға жайлы көмек сұрап, шұғыл хабар жеткізген Нұрислам Нұржанұлы мен аман қалған 10 жасар Шапағат Қаржауға велосипед, оның анасына арнайы теледидар табыс етілді.

«Біз осындай мейірім мен бауырмалдықтың үлгісін көрсеткен Нұрғиса мен Әділеттің ерлігін елге үлгі, ұрпаққа өнеге етуді жөн санадық. Бұл жігіттер ауылымыздың ғана емес, тұтас республикамыздың мақтанышы», – дейді ауыл белсендісі Ерсін Ниетханұлы.

Previous Post

САЙРАМ: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Next Post

Шымкент: Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі