13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

АРЫСТА КӘСІБИ «СПОРТ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

18 августа, 2022
in Спорт
0
АРЫСТА КӘСІБИ «СПОРТ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Арыста спортты дамыта отырып, саламатты өмір салтына айналдыруға айырықша көңіл бөлінуде. Әлемнің әр түкпірінде қазақ елінің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыздың желбіреуіне бар күш-жігерін салып, ел абыройын асқақтатып жүрген арыстықтар жетерлік.

Елімізде тамыздың 3-ші жексенбісі спорт күні ретінде атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай, Арыста Орталық стадион спорт кешенінде Арыс қаласының спорт мекемелері арасында спартакиада өтті.

Жарыстың ашылуында сөз алған қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев бұқаралық спортты дамытуда атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып, көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Жаттықтырушылар мен спортшыларымыз алдағы уақытта да Арысымыздың мерейін тасытып, даңқын асыратын лайықты спортшыларды тәрбиелеу үшін өздерінің шеберлігі мен күш-жігерін, тәжірибесін жұмсай береді деп сенемін», – деді Рысдәулет Пайланұлы.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған шараға қатысушылар спорттың 10 түрінен бақ сынады.

Атап айтқанда кіші футбол, үстел теннисі, жүгіру (100 метр), жүзу мен дойбыдан бөлек, ләңгі тебу, қол күрес, арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен кіл мықтыларды анықтады.

Жалпы командалық есепте жеңімпаз атанған командалар мен үздік ойын көрсеткен жекелеген спортшыларға қала әкімінің алғыс хаты, кубоктар мен медальдар табысталды.

Айта кетейік, Қазақстанда 30 330 спорт мекемелері есепте тұр. 234 мың балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің саны 425-ке дейін жетті. Республикада 4 мыңнан астам спортшылар жаттығатын спортта дарынды балаларға арналған 15 мектеп-интернаттар жұмыс істейді. Қазақстанның барлық аймақтарында жыл сайын 18 мың спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Previous Post

Шымкентте жастар арасында «IQ ZHASTARY» интеллектуалды ойыны өтті

Next Post

Шымкентте «Әділдікті талап ет!» акциясы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі