13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ө.ШӨКЕЕВ: «КҮЛПАРШЫН» БАЗАРЫНЫҢ ИЕСІ ТАУАРЫ ӨРТЕНГЕН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ КЕРЕК»

28 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Ө.ШӨКЕЕВ: «КҮЛПАРШЫН» БАЗАРЫНЫҢ ИЕСІ ТАУАРЫ ӨРТЕНГЕН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ КЕРЕК»
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісайға келген Өмірзақ Шөкеев базардағы өрттің салдарын жою бойынша штаб отырысын өткізді. Комиссия төрағасы С.Қалқаманов, жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдары өкілдері, «Күлпаршын» базарының иелерінің қатысуымен өткен жиналыста Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек облыс әкіміне аудандағы жағдайды баяндады.

«Бүгінгі күнгі болжамды есеп бойынша 613 азамат, 1119 сауда нүктесі өрттен жапа шеккен. Келтірілген шығындарды өтеу бойынша арнайы қор құрылды. Қазіргі таңда кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Күнделікті кәсіпкерлермен кездесіп, оларға көрсетілетін көмек жайын айтып жатырмыз», деді аудан әкімі.

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Н.Жалғасов аудандағы қоғамдық ахуалға тоқталды.

«Аталған жайтқа байланысты тергеу басталды. Кеше өрт-техникалық сараптама, сот құрылыс сараптамасы жүргізілді. Шұғыл тергеу тобы құрылған» деді құқық қорғау органының өкілі.

«Базарды қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдаймыз. Базарды қалпына келтіру жұмыстарына Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт аудандарынан бригадалар келіп көмек береді. Жобалаушылармен сөйлесіп, базар сызбасы дайын болған соң 1 аптада базарды қалпына келтіру керек. Ал базар иесі кәсіпкерлермен келісімге келуі тиіс», деді аймақ басшысы. Базар иесі әкімнің ұсынысымен келісті.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызға қараған түні Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Күлпаршын ана» базары өртенген соң жұма күні күндіз ондаған саудагер наразылыққа шықты. Олар өртенген заттарына өтемақы талап етті.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, базардың жалпы аумағы екі жарым гектар жер. Өрт түнгі сағат 3 шамасында төбесі жабылған сауда орындарынан шыққан. Таңертең бір-ақ өшірілген. Осы уақыт аралығында 900 шаршы метр аумақ өртенген.

 

Previous Post

Ө.ШӨКЕЕВ: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨРТЕНГЕН БАЗАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ КӨМЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Next Post

Ө.Шөкеев: Жетісайдағы өртенген базардың кәсіпкерлері көмексіз қалмайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі