13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ӨРТЕНГЕН БАЗАР БОЙЫНША ЕКІ САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

27 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ӨРТЕНГЕН БАЗАР БОЙЫНША ЕКІ САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛУДЕ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісайлық кәсіпкерлер бүгін тағы да орталық көшені жауып, базар әкімшілігіне нысанды тездетіп ашуды талап етті.

Халықпен кездесуге облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан әкімі Мұрат Қадырбек шығып, базардағы жөндеу жұмыстары 1-2 күн сараптама жұмыстары біткен соң басталатынын түсіндірді.

«Екі сараптама жасалады. Біріншісі — құрылыс сараптамасы, екіншісі – тауарлық сараптама. Қазір базар иесі жаңа нысанның жобасын жасап, бізге ұсынады. Өрт қауіпсіздігін сақтау, әрі халыққа қолжетімді болатын базар салуымыз керек. Өртенген базар ісі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Нысан иесі уәде бергендей, 15-20 күн уақытта базар іске қосылады», деді С.Қалқаманов.

Жиналыстан кейін аудан әкімдігінде базар кәсіпкерлерінің несие уақытын шегеру, қайта қаржыландыру бойынша екінші деңгейлі банк өкілдерімен кездесу өтті.

Халық банк, Жусан банк, KMF өкілдері келіп кәсіпкерлердің әрқайсымен жекелей жұмыс жүргізетіндерін айтты.

Сондай-ақ шығынды есептеу бойынша комиссия құрамына кәсіпкерлер арасынан белсенді азаматтар кірді. Тауары өртеніп кеткен кәсіпкерлер тізімі жасақталып, базардың әр бөлімі бойынша тиісті ақпаратты жинақтайтын жауаптылар бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызға қараған түні Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Күлпаршын ана» базары өртенген соң жұма күні күндіз ондаған саудагер наразылыққа шықты. Олар өртенген заттарына өтемақы талап етті.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, базардың жалпы аумағы екі жарым гектар жер. Өрт түнгі сағат 3 шамасында төбесі жабылған сауда орындарынан шыққан. Таңертең бір-ақ өшірілген. Осы уақыт аралығында 900 шаршы метр аумақ өртенген. Облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен іс қозғағанын, адам шығыны жоқ екенін хабарлады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ НҰР-СҰЛТАНДА САУДАЛАНУДА

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙЫҚ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі