13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экология

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙЛАР САНЫ 300-ГЕ ЖЕТЕДІ

26 августа, 2022
in Экология
0
ТҮРКІСТАН:  МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙЛАР САНЫ 300-ГЕ ЖЕТЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы білім беру мекемелерінде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынның «Экология болашағы» бағытын іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Білім беру жүйесіне экологиялық аспектілерді интеграциялау аясында облыс мектептерінде орта мектеп бағдарламасына сәйкес 9 сынып оқушылары «Экология негіздері» курсымен 100 пайыз толық қамтылған.

Оқушылардың үздік жасыл тәжірибелер мен технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз ету, оларды қосымша білім берумен қамту мақсатында облыс мектептерінде 75 мектеп жылыжайы жұмыс істейді. Алдағы оқу жылында мектеп жылыжайларының санын 288-ге жеткізу жоспарланып отыр. Аталған мектеп жылыжайларында оқушылар «Экология негіздері» курсынан өтетін болады. Сонымен қатар облыс колледждерінде 16 жылыжай жұмыс істеп тұр.

Оқушыларды табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында облыстағы барлық балабақшаларда, мектептер мен колледждерде «Тірі табиғат бұрыштары» және мектеп жанындағы аумақтық көгалдандыру жүйелері құрылған. «Тірі табиғат бұрыштарында» бастауыш сынып оқушылары «Дүниетану», ал, жоғары сынып оқушылары «Экология негіздері» курстарында сабақтан тыс жұмыстар жүргізеді.

Өңірдегі 53 қосымша білім беру мекемелерінде 28500 оқушы, мектептегі үйірмелерде 355 600 оқушы қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 70,1%-ды құрады. Жоспарға сәйкес 2022 жылы қосымша біліммен қамтылған оқушылар үлесін 75,5%-ға жеткізу жоспарланған. Біліммен қамту барысында экологиялық-биологиялық бағытқа басымдық берілген. Флора және фауна әлемі, жас эколог және жас натуралистер үйірмелері тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.

Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында әзірленген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады. Олар: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экоқұрылым және экологиялық мәдениетті арттыру.Жоба 2021 жылдыңы 1 шілдесінен бастап іске асырылуда.

Previous Post

САУРАНДА ЖАҢА МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТТАР 200-ДЕН АСТАМ БАЛАНЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТЫДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі