13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 390 ОРЫНДЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

22 августа, 2022
in Білім
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 390 ОРЫНДЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жекеменшік мектептердің де саны артып келеді. Солардың бірі – Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округіндегі заманауи үлгіде бой көтерген Күмісай Тасболатова атындағы жекеменшік зияткерлік мектебі. Аудан әкімі М.Отаршиев білім ұясының жай-күйімен танысты. 390 орындық жаңа мектепте қазақ — орыс сыныптарына 1-9 сынып оқушылары қабылданады. Мектепте математика және ағылшын тілі пәндері тереңдетіліп оқытылып, тілді дамыту үшін практикалық сабақтарды өтуге шетел азаматтары тартылатын болады.

– Ауданымызда жыл санап жекеменшік зияткерлік мектептер саны артуда. Бүгінгі таңда ауданда 2 негізгі орта және 8 бастауыш жекеменшік мектептері жұмыс атқарып жатыр. Бұл – өз кезегінде мектептердегі білім сапасының артуының кепілі, – деді жаңа білім ұясында болған аудан басшысы.

Айта кетсек, мектепте логикалық ойлау қабілетін арттыратын пәндік, түрлі спорттық (шахмат, теннис, таэквондо, күрес) және өнер (домбыра, би, вокал) үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен қатар мектепте білім алушылар екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі және оқушылардың күні бойы мектепте сабақ оқуына, үй тапсырмаларын орындауына және үйірмелерге қатысуына жағдай жасалған.

Тілге тиек етейік, Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша елімізде көш басында. Жыл сайын жаңа мектептерге қажеттілік туындауда. 2021 жылы бюджет есебінен 78 мектептің құрылысы жүргізіліп, 44 мектептің құрылысы аяқталды. Қалғандары да тапсырылады. Жеке инвестиция есебінен 37 мектеп салынды. Осы бағытта жұмыс күшейтілген. Айта кетейік, облыста 945 мектепте 500 мыңнан астам бала оқиды. Былтыр бюджет есебінен 78 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 44 мектептің құрылысы аяқталды. 30 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 91 мектептің асханасы жаңғыртылды.Түркістан қаласында 2025 жылға дейін 10-нан астам мектеп салынады деп жоспарлануда. 2021 жылы 900 орындық мектеп, 720 орындық Назарбаев зияткерлік мектебі 120 орындық жатақханасымен салынды. Бұдан бөлек, 6 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТ: 400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІ БАСТАЛАДЫ

Next Post

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі