13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

22 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазгидромет» мекемесінің мәліметіне сәйкес Түркістан облысы мен облыс орталығы – Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Бұл – 4 жылда жасалған ауқымды жұмыстың нәтижесі. Көгалдандыру, газдандыру, күннен қуат алатын электр станцияларының көбеюі мен өңірдегі орман алқабының артуы нәтижесінде Түркістан облысында жалпы экологиялық ахуалдың жақсарғаны ғылыми түрде дәлелденді. Өңірде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат» және «Экология болашағы» секілді 4 бағытта жұмыстар атқарылуда. Ауқымды жұмыс нәтижесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің баяндауынша, атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында жоспарға сәйкес, 5 жыл көлемінде 1000 гектар жерге 1,1 млн. ағаш көшеттері отырғызылады. Облыста 831 елді мекеннің 55%-ға жуығы табиғи газбен қамтамасыз етілсе, жыл соңымен 9 нысанның құрылысы аяқталып, 467 елді мекенге табиғи газ қосу жоспарлануда.

Қатты тұрмыстық қалдықтарын жинап, қайта өңдеуге күш салынған. Облыс аумағында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі немесе 548,2 мың гектарды құрайды. Өткен жылы 100 шақырымға жуық канал күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен. Жетісай, Мақтаарал аудандарында 175 қашыртқы, 9 су нысаны жөнделіп, механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 45,1 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды.

Түркістан қаласында ағын су тапшылығын шешу үшін ірі су нысандарының құрылыстары жүргізіліп, қосымша 248,8 млн. м3 ағын су жеткізіледі. «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу» жобасы бойынша 58 шақырым канал бетондалып, 60 млн. м3 су үнемделетін болады.

«Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасы, «Шаға» жағажайы, Ескек есу каналы пайдалануға беріліп, 31млн. м3 ағын су жеткізіледі. «Сырдария өзенінен машиналық арна салу», «Сарқырама» су қоймасы салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар арқылы Түркістан қаласы кепілді ағын сумен толық қамтамасыз етіледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ШИТТІ МАҚТАНЫҢ БАҒАСЫ 400 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ ДЕП БОЛЖАНЫП ОТЫР

Next Post

ШЫМКЕНТ: 400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІ БАСТАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі