13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАН: СПОРТШЫЛАР 7 АЙДА МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

19 августа, 2022
in Спорт
0
ТҮРКІСТАН: СПОРТШЫЛАР 7 АЙДА МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Спорт күні» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. «Түркістан-Арена» стадионында өткен іс-шарада облыс спортшыларының жеңіп алған жүлделерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Әлемдік деңгейдегі кубоктар мен медальдар көрсетілді. Жалпы биыл 7 ай көлемінде Түркістан облысының спортшылары жалпы саны 1000-ға жуық медаль олжалап, бұл көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарда келе жатыр.

Салтанатты жиында биыл республикалық және халықаралық додаларда жеңіске жеткен спортшыларға және білікті бапкерлерге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Грамотасы мен Алғыс хаттары тапсырылды. Сонымен бірге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдары өз иелерін тапты.

«Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, бір топ спортшы мен сала үздіктеріне партия филиалы атынан Алғыс хаттар тапсырды. Сондай-ақ облыстық мәслихат пен мәслихат хатшысының Алғыс хаттары да спортшылардың мерейін үстем етті.

Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортшылар мен бапкерлердің еңбегін жоғары бағалап, өңірде спорт саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Бірқатар чемпион мен бапкерге, осы салада қызмет етіп жүрген азаматтарға марапат тапсырып, құрмет көрсетті.

Мерекелік іс-шарада жас спортшылар стадион төрінде өз спорт түрлері бойынша жаттығулардан үзінді көрсетсе, бишілер тобы да өз өнерлерін көрсетті. Әншілер патриоттық әндерді шырқады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде спорт нысандары көбейіп келеді. Бюджет есебінен де, жеке кәсіпкерлер қолдауы арқылы да спорт кешендерінің саны көбейіп жатыр. Түркістан қаласының өзінде аз ғана уақытта «Түркістан-арена» стадионы, олимпиадалық резервін даярлау орталығы, «Olympic Center» кешені, халықаралық теннис орталығы ашылды. Қазіргі таңда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені, «Мұз сарайының» құрылысы жүріп жатыр. Ескек есу базасы, атшабар да ашылатын болады.

Нөмірі бірінші спорт түрі футболға мән беріліп, облыстың екі командасы премьер-лигада ойнап жатыр. «Тұран» академиясының жастары Қазақстан чемпионы атанып, чемпиондар лигасына жолдама алды. «Томирис- Тұран» командасы да чемпиондар лигасында өнер көрсетуде.

Осы жылдың 7 айында облыс спортшылары спорттын 59 түрі бойынша ел чемпионаттары мен бірішіліктеріне қатысып, 707 медальге кол жеткiздi. Оның 290-ы – алтын. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 168 (101 алтын, 40 күмiс және 27 қола) медальге қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында жалпы 53 (20 алтын, 22 күміс және 11 қола) медальге ие болған. Өңір спортшылары командалық додалар мен спартакиадаларда үнемі үздіктер қатарынан табылып жүр. Биыл журналистер спартакиадасы, былтыр «Ақ бидай» ауыл ойындарында топ жарды.

Жыл басынан бері Түркістан өңірінің 5 спортшысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанса, 87 спортшы ҚР спорт шебері нормативін орындаған. 214 сайыпқыран спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіне жетіп отыр.

Бүгінде облыста дене шынықтыру және спортен шұғылданатын тұрғындар саны 764 мың адамға жетті. Бұл – облыстағы жалпы халықтың 36,7 пайызы.

 

Previous Post

В этом году Шымкенте будет сдано в эксплуатацию 173 тысяч квадратных метров социального жилья

Next Post

ТҮРКІСТАН: АШЫҚ БІРІНШІЛІКТІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі