13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

17 августа, 2022
in Экономика
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты. Нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға ұлғайды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Хабарламада, ағымдағы жылдың 7 айында Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд. теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд. теңгені құраған жазылған. Ал нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда +4,4%-ға ұлғайды.

Жалпы егін саласында жиын-терім науқаны уақтылы ұйымдастырылып, астық мерзімінде жиналып алынды. Мал шаруашылығында ет, сүт өндіру және тауық жұмыртқасы былтырмен салыстырғанда сәйкесінше 0,6%-ға, 1%-ға және 10,6%-ға артық болып қалыптасты. Шетелге 121 мың тонна қауын, 170 мың тонна қарбыз экспортталғаны жазылған.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде ауыл шаруашылығы саласы өкілдеріне семинарлар өткізіліп келеді. Семинарларда кәсіпкерлерге, шаруаларға жаңа технологияларды енгізу жолдары түсіндіріліп, нәтижесінде тамшылатып және жаңбырлатып суғару тәсілдері кеңінен қолданысқа енгізілді.

 

Айта кетейік, өңірде мал басының өсімі соңғы екі жылда 13% артқан. Аналық ірі қара малды импорттау мен тұқымдық түрлендіру бойынша Түркістан өңірі мал шаруашылығының дамуы бойынша елімізде 2-орында. Бұл мақсатта үш жылда 20 мыңға жуық мал сатып алынған. 2 жылда жалпы мал өнімінің өсімі 8,5% артты. Елімізде экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%, қой етінің 40% облыстың үлесінде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы ылғал үнемдеу технологиялары ендірілген алқап 4 000 гектарға жеткізіледі. Жылыжайлар көлемі қосымша 122 гектарға ұлғайтылып, жалпы 1 590 гектарды құрайды. 1 262 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, 5%-ға жаңартылмақ.
Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 1,3 трлн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЕКІ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖОМАРТ ЖАН 150 ОҚУШЫНЫ МЕКТЕПКЕ КИІНДІРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі