13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ВЕТЕРИНАРЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

17 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ВЕТЕРИНАРЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және басқармаға қарасты «Ветеринарлық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұйымдастыруымен облыстық семинар өтті. Семинарға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербұлан Жәнібеков пен ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Базарбек Омаров және ветеринария саласының мамандары қатысты. Мақсат – ветеринариялық шараларды сапалы атқару және төрт түліктен таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу, тәжірибе алмасу және жұмыстарды жүйелеу.

Ветеринария саласының мамандары жұқпалы аурулардың алдын алу, оны таратпау бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен бірге кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары мен үй жануарларынан қан сынамаларын алу жолдары көрсетілді. Төрт түлікке вакцина салу ісі де түсіндірілді. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Омаровтың айтуынша, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен аталған салаға жіті көңіл бөлініп келеді.

Былтыр ветеринариялық іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, аудан, қаладағы ветеринариялық ұйымдарға арнайы жабдықталған 16 бірлік УАЗ фермер автокөлігі, биопрепараттарды сақтауға арналған 16 камералық тоңазытқыш, 178 бірлік витриналық тоңазытқыштар, 814 бірлік термочемодан, 366 бірлік ит ұстауға арналған ілмектер және 390 бірлік компьютер жиынтығы алынған. Техникалық базаны нығайту мақсатында жасалған іс-шара өз нәтижесін беріп, ветеринария саласына оң ықпал етті.

Өңірде сібір жарасы ауруының алдын алу бағытында ірі қара малға 998 мың бас екпе салынған. Сібір жарасы ошағы аумағын жыл сайын жоспарлы залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында 2022 жылға қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынып, көктемгі кезеңге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Күзгі кезеңге де мамандар тиісті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етіліп отыр.

Previous Post

Қайтпас-1 және Құрсай сапалы интернетпен қамтылуда

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЕКІ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі