13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ӨЗ МЕРЕКЕЛЕРІНДЕ 4 ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

12 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ӨЗ МЕРЕКЕЛЕРІНДЕ 4 ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компаниялар Құрылысшылар күні мерекесін өте мағыналы іспен өрнектеді. Олар төрт отбасына бақыт сыйлады. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік қолдауға мұқтаж 4 отбасына баспана салып берді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қиын жағдайда күн кешіп жүрген жандарды үймен қамтамасыз ету бастамасын көтеріп, құрылысшыларға ұсыныс жолдаған болатын. Ұсыныс қабылданып, бүгін құрылысшылардың кәсіби мерекесінде осы отбасылардың қуанышы еселенді.

– Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Ел ішінде: «Жамандық пайда етпейді, Жақсылық зая кетпейді» деген қанатты сөз бар. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Ал, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет. Осы өсиетке адалдық танытып, бүгінгі игі істің бастамашысы болған қаламыздағы құрылысшылар қауымына шынайы алғысымды білдіремін! – деп, мерекелік құттықтауын арнады.

Құрылысшылардың жомарт жүрегімен ұсынылған төрт баспананың кілтін жаңа иелеріне тапсырып, шаңырақтарына құт пен береке тіледі. Әр отбасыға ұсынылған үй үш бөлмеден тұрады, баспаналар қажетті жиһазбен тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілген,

Мерекелік жиын барысында құрылыс саласының үздіктері марапатталды.

 

Айта кетейік, тамыздың екінші жексенбісі — елімізде құрылысшылар күні. Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсiздiк жылдары елiмiзде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Қазір де Елімізде де, облысымызда да құрылыс тоқтаған емес. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндiрiс орындары да көбейдi. Түркістан облыс орталығы болғалы құрылыс алаңындағы жұмыстар бір сәтке бәсеңсіген емес. Карантин режимі кезінде де шаһардағы құрылыс жұмыстары жалғасып жатты. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев «Сақтық шараларын сақтай отырып, құрылыс қарқынын үдете түсу керек», – деген болатын. Осы талаптың үдесінен шыққан құрылысшылардың ерен еңбектері бүгінде өз жемісін беруде.Үш жыл ішінде түрленіп, келбеті келісе түскен облыс орталығы әлі талай тамсандыратын болады.

Түркістанды түрлендіріп, жаңа келбетін қалыптастырушы – құрылысшылар. Яғни, көне қаланың жанынан жаңа ғимараттар салып, тарихқа өз қолтаңбасын қалдырып жатыр.

Аз уақыт ішінде адам танымастай өзгерген Түркістанның басты себепкерлері де осы мамандық иелері екені даусыз.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

Next Post

ОБЛЫС ӘКІМІ МАҚТААРАЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі