13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ

12 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

10 тамыз — біртұтас қазақ баласын бірлікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін, «біріңді қазақ, біріңді дос» тұтатын қастерлі Ұлы Абай күні! Адамзат шежіресінде кемеңгер, көсем адамдардың мың жылда бір туатындығын ойласақ, Абайдай данагөйдің дүниеге келуі қазақ халқының маңдайына бұйырған қайталанбас бақ!

Осы орайда, Түлкібас ауданының орталық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 177 жыл толуына орай «Абай оқулары» атты көркемсөз оқу байқауы өткізілді.

Байқау: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты 3 кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының шешімімен:

Түлкібас кенті кітапханасының оқырманы Оңкалбай Айдана бас жүлдеге лайық деп танылды;

Тастұмсық ауылдық кітапханасының оқырманы Шамболат Арайлым — 1 орын;

Ақбиік ауылдық кітапханасының оқырманы Сүлеймен Назерке — 2 орын;

Састөбе кенті кітапханасының оқырманы — Асылбек Аяулым және Майтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Сағындық Сұлтан — 3 орын иеленді.

Барлық байқауға қатысушыларға Алғыс хаттар беріліп, жеңімпаздар марапатталды.

Айта кетейік, «Абай оқулары» республикалық байқауы этнос жастары өкілдері арасында Қазақстан халқы тілдер күніне орай өткізіледі. Байқауды өткізудің мақсаты қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту. Байқау мемлекеттік тілде өтеді. Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – облыс, қалаларда өтеді. Екінші кезең республикалық сайыс. Байқауға көркем сөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 18-22 жас аралығындағы Қазақстанның этнос өкілдері қатыса алады. Бұрынғы республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын иегерлері) осы байқауға қатыстырылмайды.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі