13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: САЙРАМ ТҰРҒЫНАЛАБЫНДАҒЫ ТАССАЙҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

23 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: САЙРАМ ТҰРҒЫНАЛАБЫНДАҒЫ ТАССАЙҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Тассайда көптен күткен қуаныш! 300-ге жуық үй табиғи газбен қамтылды.

Сайрам тұрғыналабының Тассай бөлімшесінде табиғи газ жүйелерінің құрылысы 2019 жылы толық аяқталған болатын. Газ құбырының ұзындығы –7,507 км. Бұған дейін абоненттеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін құжаттары дайын болған үйлерге газ қосылды.

Игі шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев, Мұратәлі Қалмұратов пен қоғам белсенділері қатысты.

«Көріп тұрмыз, жолдар жөнделіп, лоток қойылыпты. Таза су да кірген екен, енді міне көгілдір отынға қол жетіп отыр. Қандай керемет! Шымкентіміз күннен күнге шырайланып, шалғай жатқан елді мекендердің сәні кіре бастаған. Игі істің артында қаншама еңбек жатыр. Пайдалануға берілген әрбір нысан игіліктеріңізге жарасын!»-деді халық қалаулылары. Өз кезегінде жергілікті халық та билік өкілдеріне алғысын жаудырды.

Жалпы Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабының Тассай бөлімшесі ауыз сумен, мемлекеттік жүйедегі электр жарығымен толық қамтылған.

Бұдан бөлек, осы жылы Мұңайтпасов 1,2 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 2,5 шақырым, ені 6 метрді құрайтын 2 көшеге асфальтбетон қабаты төселді. Сонымен қатар аяқжол салынып, жол жиегіне суағарлар орнатылды.

2 800-ден астам  халқы бар бұл елді мекенде 1 мектеп, 1 балабақша, 1 амбулатория және 7 кәсіпорын бар. Өткен жылы спорт және ойын алаңшасы салынған болса, биыл осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық инфрақұрылымы толық шешілмеген елдімекен тұрғындары ауыз суды кестемен ішеді. Тассай бөлімшесіне керегі тұрақты және сапалы ауыз су, көшелерге асфальт жол болып тұр.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Next Post

ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ИНФОРМАЦИОННЫЙ КАРАВАН ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі