13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Жыл соңына дейін Әл-Фараби ауданын жарықтандыру көрсеткіші 100%-ға жетеді

18 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Жыл соңына дейін Әл-Фараби ауданын жарықтандыру көрсеткіші 100%-ға жетеді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін ауыз су және жарықтандыру көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстары туралы өткен брифинг барысында айтты. «Бүгінде Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ды, электр жарығымен 96,5%-ды, табиғи газбен-99,5%, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87% құрап отыр. Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталу барысында. Аудандағы 404 көшенің қазіргі таңға дейін 124 көшесі жарықтандырылған», — деді Р.Мыңбаев. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшалары және 9 спорт алаңшасы орнатылатын болады. Ауданның басты көшелерін (102 басты көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build stroi» ЖШС-ы тарапынан жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш көшеттері отырғызылып, жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын қондыру жоспарланған. Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады. 2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентӘл-Фараби ауданы
Previous Post

Шымкентте «Әділдікті талап ет!» акциясы басталды

Next Post

Шымкентте екі мыңнан астам адам оңалту шараларымен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі