13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 760 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылады

17 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 760 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» мақсатында

— біліктілікті (дағдыларды),

— кәсіптік оқытуға жолданатын жұмыссыздардың санын,

— оқыту ұзақтығы,

— жұмыс берушілердің сұратуы негізінде мамандықтар тізбесі мен адам санын бекіту жөнінде комиссия отырысы өтті.

2022 жылы ұлттық жоба бойынша жылдық жоспарға сәйкес, 760 азаматты оқыту жоспарланған. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен қарай 3 (үш) ай мерзімді құрайды.

Жыл басынан «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша 40 жұмыс беруші мекемеден 1240 адамға, 32 мамандық бойынша өтінім түсті.Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілерге зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директорының 24.03.2022 жылы №60-Ө бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топ 40 мекемеге толық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:

— салық және басқа да әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі бар 2 мекеме;

— материалдық-техникалық базасы стандартқа сәйкес келмейтін (яғни жұмыс орны сәйкес емес) 3 мекеме;

— мекеменің тіркелгеніне бір жылдан аспаған 1 мекеме.

Толық қағидадағы яғни критерияға сәйкес, 34 мекеме іріктелді.

Нәтижесінде, «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша бекітілетін 34 жұмыс берушіге 760 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылады.

Жалпы, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарда. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар артығымен 136,7% орындалып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 (88,2%) адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасты.

ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп,бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орыны құрылды, яғни жоспар 86%-ға орындалды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкент : Тұранда жыл соңына дейін 4 ойын кешені ел игілігіне беріледі

Next Post

Шымкентте А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай жас ақындар айтысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі