13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі № 107 мектеп-лицейі қайта жаңғырды

16 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі № 107 мектеп-лицейі қайта жаңғырды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы Ю. Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтуде. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған мектептің құрылыс жұмыстары барысын тексерді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2000 орынға арналған мектеп 3 қабаттан тұрады. Бұл білім ошағының жылу жүйесі 11 жыл бұрын ауыстырылса, шатыры мен бірнеше есік-терезесінің қойылғанына 8 жыл болған. Биыл ғимараттың тозығы жеткен тұстары бүтінделіп, шатырының 955 м2 ауысты, электр жүйелері 100%-ға жаңарды. Информатика, физика, химия, биология, логопед кабинеттері заман талабына сай жаңғырып, 2 интерактивті тақта, 350 ноутбук, 130 компьютер, 200 планшет, 8 панель сатып алынды.

Ғимарат құрылысын тексеру барысында қала әкімі бірнеше кемшіліктерді байқап, ескертулер жасады.

«Тексеруші топпен істің 100% сапалы орындалуын келіп, қайта көретін боламыз»,-деді әкім жауапты сала мамандарына.

Барлық кем-кетік жойылғаннан кейін мектеп оқушыларға есігін ашпақ. Жалпы білім ошағы жаңа оқу жылына 90%-ға дайын. Қазіргі таңда аяқ жолдар төселіп, асфальттау жұмыстары жүруде.

Ал, күрделі жөндеуден өтіп жатқан тағы 3 мектептің жайына келетін болсақ, мысалы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған. Жауапты мердігер – «ШАХ құрылыс компаниясы» ЖШС. Құрылысшылар оқу жылы басталғанша мектепті жөндеп бітеміз деп отыр. 1989 жылы салынған білім ошағы 33 жылда бірінші рет күрделі жөндеуден өтуде екен. Келесі нысан – А.Навои атындағы № 11 мектеп. Мұнда да күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүруде. Құрылысшылар жалпы жұмыстың 70 пайызын аяқтадық деп отыр. Мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС нысан құрылысын 20 тамызда аяқтаймыз деп жоспарлауда.

Биыл Шымкентте жалпы 5 білім беру ұйымында (№11, №50, №107 мектеп, 1 балалалар үйі, 1 арнайы мектеп-интернат) күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. 4 мекеменің ЖСҚ-ы дайын. Одан бөлек, 20 мекемеге ЖСҚ дайындалуда.

Tags: 13kz13kz.kz13кзмектепСайрамШымкент
Previous Post

Шымкентте этномедиацияны дамыту бойынша семинар-тренинг өтуде

Next Post

Кайтпас-1 и Курсай обеспечиваются качественным интернетом

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі