13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасты

16 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасты
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаңтар-шілде айлары арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын айтып өтті.

Өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр.

Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 52,6 млрд.теңге, жеке көздерден 166,5 млрд.теңге.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 76,7 млрд.теңге немесе 120,5 пайыз құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 371,8 мың шаршы метр немесе 115 пайыз болды.

Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 9,8 пайызға артты.

Жалпы көлік көлемі 158,5 млрд. теңге болып, 107,2 пайызды құрады.

Байланыс қызметі 4,8 млрд. теңгені немесе 104,7 пайызды құрады.

Жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,3%-ке жетті. Құрылыс саласында 8,6% деңгейінде өсім қалыптасты. 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызмет көрсету саласы бойынша сауда 6%-ке, көлік 5,5%-ке және байланыс саласы 6,5%-тен астам өсті. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасып отыр. Шілде айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 15%-ті құрады. «Өткен аптада Монополияға қарсы агенттікке қанттың қымбаттауы мен тапшылығына қатысы болуы мүмкін компания  қызметін тексеруді тапсырдым. Бұл проблеманың көтерілгеніне біраз болды. Сондықтан мұндай жағдайды жауапты органдар ертерек анықтап, алдын алу керек. Инфляцияны тежеу үшін қажетті құралдар бар. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдалануы тиіс. Тағы да назар аударатын жағдай – өңірлердегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға үстемесінің 15% мөлшерінде болуын ерекше бақылауда ұстау», — деді Әлихан Смайылов.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкент: Биыл Абай ауданы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады

Next Post

Шымкентте этномедиацияны дамыту бойынша семинар-тренинг өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі