13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Азаматтардың құқықтары мен бизнесті қорғаудағы прокуратураның рөлі

16 августа, 2022
in Қоғам
0
Азаматтардың құқықтары мен бизнесті қорғаудағы прокуратураның рөлі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан тарихында прокуратура әрқашан заңдылықты қамтамасыз етуде жетекші орынды иеленіп, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғайтын мемлекеттік органның рөлін атқарған. Сол үшін прокурорды «мемлекеттің көзі» деп атайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Қадағалаудың негізгі бағыттарының бірі азаматтардың құқықтары мен бизнесті қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және басқа да құқықтық актілері азаматтар мен бизнестің құқықтары, бостандықтары, міндеттері және жауаптылығын белгілейді, оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын айқындайды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында прокуратураның қадағалауын азаматтар мен бизнестің мәселелерін тиімді шешуге қайта бағыттауды тапсырды.

Осыған байланысты, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы қадағалауды күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

Мемлекет Президенті «Прокуратура туралы» Заңға түзетулер енгізді, ол 2021 жылдың 4 қыркүйегінде күшіне енді.

Негізгі жаңашылдықтарға кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар тарапынан араласу деректері бойынша арыздарын қарауға қатысты прокурорларға өкілеттік беру кіреді. Бұрын мұндай арыздар уәкілетті органдарға қарау үшін жолданатын.

Енді прокуратура органдарының кәсіпкерлік субъектілерінің арыздарына жедел ден қоюға, олар бойынша тексерулер жүргізуге, олар белгілеген мерзімде қажетті ақпаратты сұратуға және түсініктеме алу үшін тұлғаларды шақыруға мүмкіндігі бар.

Прокуратура органдарының заңсыз енгізілген шектеу және тыйым салу шараларын дереу жою құзыреті бар.

Мәселен, шоттарға негізсіз тыйым салу, мүлікті пайдалануға тыйым салу, қызметті тоқтату, жұмысқа уақытша және басқа шектеулер қою.

Мемлекеттік органдардың бұл шаралары азаматтар мен бизнес үшін өте сезімтал. Олар кез келген кәсіпорынды толық тоқтатып, жұмысшыларын табыс көзінен айыруы мүмкін.

Егер прокурор осындай деректерді анықтаса, олардың күшін жою туралы қаулы шығарады. Оның орындалуы міндетті.

Мемлекеттік орган осындай қадағалау актіге шағымданған жағдайда, азаматтар мен кәсіпкерлер сот процесіне тартылмайды. Тек прокурор мен құзырлы орган сотта өз ұстанымн дәлелдеп, негіздейді.

Бұл ретте, шағым прокурордың шығарған қаулысының әрекетін тоқтатпайды.

Сонымен қатар, қаулыны орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі (ӘҚБтК-тің 664-1-бабы – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).

Азаматтар мен бизнес үшін қосымша кепілдік – прокурордың ұсынуында көрсетілген заңдылықты бұзушылықтарды жоюға қатысты міндетті орындау және шаралар қабылдау болып табылады.

Тұтастай алғанда, қабылданған жаңалықтар прокуратураның құқық қорғау әлеуетін айтарлықтай күшейтеді. Олар лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне жедел ден қоюға ғана емес, азаматтар мен бизнеске жағымсыз салдар басталмай тұрып тоқтатуға мүмкіндік береді.

Одан бөлек, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілері құқықтарының бұзылуының алдын алу және оларға жедел ден қою мақсатында, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасымен әскери бөлімдерде өздерінің қызметін жүзеге асыратын «кәсіпкерлер чаты» құрылды. Чатқа тек кәсіпкерлер, әскери прокуратураның қызметкерлері және Шымкент қаласы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік барьерлерді төмендету бойынша бөлімнің эксперті ғана қосылған.

Бүгінгі таңда, қадағалау аумағында азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзуға жол берілген жоқ.

Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау әскери прокуратура органдарының күнделікті қызметінде маңызды міндет болып қалады.

Е. Шалбаев

Шымкент гарнизоны

әскери прокурорының орынбасары

әділет подполковнигі                                     

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоныәскери прокуратура
Previous Post

Түркістан: Мұқтаж балаларға мектеп формасын алуға көмек көрсетіледі

Next Post

«Шымкент сити» — мегаполистің болашағын айқындайтын жоба

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі