13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жастар — ел болашағы

12 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Жастар — ел болашағы
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, халықаралық жастар күніне орай Жастар ресурстық орталығы «Жастар ел болашағы» атты жастар кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты — қала жастарын мерекемен құттықтап, кешкі уақытын қызықты әрі тиімді өткізу.

Мерекелік кеште Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қала жастарын айтулы мерекемен құттықтады.

— Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қарыштап дамуы үшін жастардың тың идеялары, алғыр шешімдері, оң бастамалары қажет. Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Біз жастардың өмірден өз орнын табуына, түрлі дағдыларды игеруіне қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз, — деді басқарма басшысы

Іс-шарада қала тұрғындары мен жастары үстел теннисінен сайысқа түсіп, белсене қатысқан азаматтар сыйлықтарға ие болды. Жас бүлдіршіндерден бастап үлкен кісілерге дейін караокеде ән шырқап, мерекелік кешті қызықты өткізді.

Айта кетейік, Халықаралық жастар күні БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекітілген.
БҰҰ классификациясы бойынша жастардың жас ерекшеліктері – 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Әлем бойынша жасөспірімдер мен жастардың саны 1,8 миллиардты құрайды. 1950 жылы бар болғаны 720 миллион болса, 2050 жылға қарай бұл сан 2 миллиардтан асады деп күтілуде. БҰҰ жастарды бейбітшілік, экология, теңдік және барлығы үшін әл-ауқат үшін күрестің толыққанды серіктестері және белсенді қатысушылары ретінде қарастырады. Жер шарында жастардың көпшілігі кедей және дамушы елдерде тұрады. 10 жастан 24 жасқа дейінгі 10 адамның 9-ы табысы төмен елдерде өмір сүреді. Кейбір мемлекеттерде халық құрылымындағы жастардың үлесі 80% – ға жетеді. Бұл елдердегі жастарда қиындық өте көп. Көбінесе олар білім мен медицинада қиындықтарға тап болады. 2022 жылы Халықаралық жастар күнінің тақырыбы – «Ұрпақтар ынтымақтастығы: барлық жастағы адамдар үшін бейбітшілік орнатайық». Бұл ұран қоғамның дамуы үшін барлық жастағы адамдардың күш-жігерін біріктіру қажет екенін еске салады.

Previous Post

Шымкент:  Волонтеры обменялись опытом

Next Post

Отырар: Ақындар балалар тақырыбын жырына арқау етті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі