13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Волонтерлар бір-бірімен тәжірибе алмасты

12 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Волонтерлар бір-бірімен тәжірибе алмасты
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерларды оқытуға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг волонтерлар, жастардың бойында көшбасшылық, жауапкершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету, волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруды мақсат еткен.

Шымкент қаласының ASSA жастар жастар қоғамдық бірлестігі, «Ізгілікте жарысайық», «Харекет» қайырымдылық қоры, Меyirim.kz қайырымдылық электронды порталы, «Жігер» салауатты өмір салтын қолдау қоғамдық қоры, «Жасыл ел» еңбек жасақтары волонтерлік ұйымдары қатысып, тәжірибе алмасты.

Іс-шара барысында ұйым жетекшілері семинар тақырыбына сай дәріс оқып,  жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әр үйым өздерінің жұмыс барысымен таныстырып өтті.

Семинар-тренинг қатысушыларына ұйымдастырушылардың атынан арнайы сертификаттар табыс етілді. Бүгін, халықаралық жастар күніне орай Жастар ресурстық орталығы «Жастар ел болашағы» атты жастар кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты — қала жастарын мерекемен құттықтап, кешкі уақытын қызықты әрі тиімді өткізу.

Мерекелік кеште Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қала жастарын айтулы мерекемен құттықтады.

— Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қарыштап дамуы үшін жастардың тың идеялары, алғыр шешімдері, оң бастамалары қажет. Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Біз жастардың өмірден өз орнын табуына, түрлі дағдыларды игеруіне қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз, — деді басқарма басшысы

Іс-шарада қала тұрғындары мен жастары үстел теннисінен сайысқа түсіп, белсене қатысқан азаматтар сыйлықтарға ие болды. Жас бүлдіршіндерден бастап үлкен кісілерге дейін караокеде ән шырқап, мерекелік кешті қызықты өткізді.

Previous Post

Шымкент: Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Next Post

Шымкенттік мергендер стендтік атудан Азия чемпионатының 18 медалін жеңіп алды        

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі