13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Аmanat»: Төлебилік 280-нен астам абонент ауыз сумен қамтылады

8 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
«Аmanat»: Төлебилік 280-нен астам абонент ауыз сумен қамтылады
56
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халық үшін тіршілік нәрі – ауыз су екендігі анық. Түркістан облысының  шалғай елді мекендері әлі ауыз сумен толық қамтылмағаны да жасырын емес. «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында 2025 жылға дейін ауылдық округтер мен аудандарда 49 сумен жабдықтау нысанын салу жоспарланған. 2022 жылы соның 9 нысанын пайдалануға беру көзделіп, сайлауалды бағдараламаға сәйкес берілген уәделер, яғни  жоспар толықтай орындалды.  Атап айтқанда Шардара, Түлкібас және Төлеби аудандарына қарасты ауылдық округтер ауыз сумен жабдықталды.

Мәселен, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округінің Керегетас елді мекенінде 27 шақырым су құбыры тартылып, 110 дана құдық қазылды. Көлемі 150 куб метрді құрайтын 2 резервуар орнатылды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң Керегетас және Қасқасу елді мекеніндегі 140 абонент ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда.

Аталған аудандағы Нысанбек елді мекенінде де құрылыс қарқынды. «СтройЖолСервис KZ» ЖШС тау бөктеріндегі Қайнар бұлағынан 130 диаметрлі ауыз су құбырын тарту жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде елді мекендегі 144 абонентке тіршілік нәрі жеткізілмек. Қазіргі таңда сумен жабдықтау жүйелеріне сыртқы қоршаулар салынған. Құрылыс алаңында түнгі жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстары да атқарылу үстінде. Аудандағы су құрылысына республикалық бюджет есебінен – 240,4 млн. теңге бөлінген.

Сонымен қатар сайлауалды бағдарламаға сәйкес, облыстағы 12 елді мекенде сумен жабдықтау желілерін қайта жөндеу жұмыстары іске асырылмақ. Биыл Сарыағаш ауданындағы 3 елді мекенді қамту жоспарда бар. Жыл қорытындысымен нәтижесі айқындалады. Осылайша Төлебилік 280-нен астам абонент ауыз сумен қамтылады.

Previous Post

Шымкентте биыл 43 мыңға жуық тұрғын сапалы электрмен қамтылады

Next Post

Түркістанда Жетісай ауданының мәдениет күндері өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі