13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ “ТАЗА СЕССИЯ” НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

3 июня, 2020
in Білім
0
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ “ТАЗА СЕССИЯ” НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында облысқа қарасты барлық жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «Таза сессия» акциясы бастау алды.

Адалдыққа үндейтін игі науқанның негізгі мақсаты – елдің ертеңгі келешегін қалыптастыратын жастар қауымын адал еңбекке баулу және парасатты тұлға болуға дәріптеу.

Аталмыш акция барысында “Түркістан – адалдық алаңының” менеджері Н.Е.Абуова Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетінің 114- аудиториясында орналасқан «Ситуациялық орталығында» болып, онлайн сессияның өту барысына бейнекамералар арқылы бақылау жүргізді.

Науқан кезінде студенттер сессияның күрделі болғанына қарамастан, көмекші құралдардың көмегінсіз таза білімдерін сарапқа салды.

Онлайн емтиханға жүргізілген жүйелі бақылаудың нәтижесінде
тәртіптік құқық бұзушылықтар мен өзге де тыйым салынған әрекеттер анықталмады.

Айта кетсек, өз кезегінде оқытушылар студентке сапалы білім беруге және біліктілік деңгейін лайықты бағалауға міндетті.

Осы ретте, акция аясында қойылған «Сенім жәшігі» білім мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті шынайы бағалауға мүмкіндік береді және осы шаралардың барлығы қоғам індетіне қарсы саясаттың тиімділік дәрежесі ретінде сараланады.

Алдағы уақытта да «Таза сессия» акциясы аясында жас буынның бойына сыбайластық сияқты жат әрекеттерден сақтандыратын берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған бақылау жұмыстары әрі қарай өз жалғасын табатын болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА МАСКА КИЮ РЕЖИМІ САҚТАЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ 2 БАЛАНЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі