13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : Жетісай жүзімдері республикада жоғары сұранысқа ие

25 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан : Жетісай жүзімдері республикада жоғары сұранысқа ие
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы Жетісай ауданы негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын аграрлы аймақ. Ерте көктемнен бастап тыныс тіршілігі қайнап жататын өңірде шаруалар үшін еткен бейнеті ақталып, қырманның берекелі болуы бірінші орында. Аудан халқының тыныс тіршілігі мен ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында Мұрат Болатұлы арнайы Жылы су ауылдық округінде орналасқан «Erte-Agro» ЖШС ат басын бұрып қайтты. Аталмыш шаруа қожалықтағы жүзім өнімдері республика төңірегінде сатылымға шығаруда.

«Шаруа қожалығымыз өз негізін 2017 жылы қалады. 2018 жылы арнайы Украина мемлекетінен «Аркадия», «Лидия», «Байқоңыр», «Анюта», «Велес», «Кодрянка», «Преображение», «Академик», «Дубовский» сынды 9 жүзім сортының көшетін алдырып, 33 гектар алқапқа отырғызып шықтық. Алқапқа егілген жүзімнің барлығы асханалық сортқа тиесілі. Жүзім бағымызға тамшылатып суғару әдісін қолданамыз, қазіргі таңда негізгі 4 техника жұмыс атқаруда. Өнімнің өсіп өнуі үшін қажетті бағаналарды да өзіміз арнайы техникамен қолдан құю арқылы шығарамыз. Өндірілген өнімді қазіргі таңда облыс орталығы Түркістан қаласы мен мегополис Шымкент қаласына жөнелтіп жатырмыз. Сол екі қала арқылы республика көлеміндегі барлық қалаға таратылуда. Жетісайдың жүзімі қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие» — дейді «Erte-Agro» ЖШС төрағасы Сұлтан Ерболұлы.

Жүзім шаруашылығында бүгінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақылары 60-100 мың аралығында. 2021 жылы 400 тн өнім алған болса, биыл 500 тн астам өнім алу жоспарлануда. Нарықтық бағасы орта есеппен 350 теңге.

Еңбеккеш шаруалардың еңбегін жоғары бағалаған аудан басшысы өңірде жүзім шаруашылығын дамытуды қолға алуды тиісті мамандарға тапсырып, негізгі бағыт бағдар болуға «Erte-Agro» ЖШС үлгі екендігін атап өтті.

Айта кетейік, биыл ауданда 79 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде: 49,5 мың гектарға мақта, 19 мың гектар алқапқа бақша, 3,5 мың гектар жерге көкеніс дақылдары егілген болатын.

Tags: 13kz13kz.kz13кзжүзімТүркістан облысы
Previous Post

Мобильді қоғамдық қабылдау жобасы Сайрам ауданында жалғасты

Next Post

Мұрат Әйтенов: Жастарды кәсіпке баулу аса маңызды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі