13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Инклюзивті қолдау мақсатында 150-ден астам кітап таратылды

3 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Инклюзивті қолдау мақсатында 150-ден астам кітап таратылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен инклюзивтік білім беру моделін құру мақсатында 150-ден астам кітап үлестірілді. “Ерекше балалар. Мінез-құлық қолданбалы талдауға кіріспе” атты оқулық ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін мамандарға, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.Кітап шетелдік білікті психологтар мен сарапшылардың еңбегінен қазақ тіліне аударылған.

Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөреева, салаға жауапты басқарма басшыларының орынбасарлары Н.Нұрлыбаев және Н.Нұрашов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының өкілдері қатысты.

— «AMANAT» партиясының “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында акциялар өткізіп, нәтижелі істерді атқарып келеді. Мәселен, кедергісіз орта қалыптастыру бойынша облыстық партия филиалы  260 нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай емес объектілерді анықтап, олардың талаптарға сай болуына атсалысты. «AMANAT» партиясы «Болашақ» корпаративтік фондымен бірге Ольга Мелешкевич пен Юлия Эрцтің еңбегінің қазақ тіліне аударылған нұсқасын білім мекемелеріне, жоғарғы оқу орындары және оңалту орталықтарына үлестіру көзделуде. Түркістан облысына оқулықтың 154 данасы жетізілді. Бұл кітаптың жаңа технологиялық әдістемелік құрал ретінде балалардың түзету бағдарламасына өзіндік пайдасы мол, — деген Б.Дәулетұлы кітаптарды жауапты сала өкілдеріне табыстады.

Түркістан облысында ерекше білімді қажет ететін 26 мыңнан аса бала болса, оның 10 мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі балалар. Осы орайда “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аталған санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту, кедергісіз орта құру және білім мекемелерінде инклюзивті орта құру бойынша 3 бағытта жұмыс істейді.

Үшінші бағыт аясында партияның қолдауымен 2019 жылы «Дара» қоры арқылы Түркістан қаласында үш мектепте инклюзивті орталық ашылған болатын. Солардың бірі — Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінде орналасқан Түркістан қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Бұл жерде қазіргі таңда 79 бала жеке түзету бағдарламасы бойынша сабақ алуда. Жиын қатысушылары орталықтың жұмыс барысымен де танысты.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент: Экология  департаменті 6 айда атқарылған жұмыстарын қортындылады

Next Post

Запуск нового проекта "Бал текстиль"

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі